Қатысушылар берілген тақырып бойынша өз баяндамаларын топ алдында оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.
Жүргізуші назарын пікірлердің қақтығысуы мен қарама-қайшылықтарына аударып, пікірталас ұйымдастырады. Аудиторияның пікірі екі жақты болып, әртүрлі көзқарастар келтірілген орынды. Пікірталас баяндамашының ұстанған көзқарасы төңірегінде болады.
«Симпозиум» - латынның symposium деген сөзінен шыққан. Негізгі түп-тамыры грек тілінен тарайды да, ежелгі эллиндер тілінде «бірлескен жиын» дегенді білдіреді. Себебі Ежелгі Грекияда ұзақ бас қосулар барысында (туған күн, мерекелер, т.б.) қоғам мен саяси саладағы қордаланып қалған мәселелерді қызу талқылайтын болған.
Достарыңызбен бөлісу: |