Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет4/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
1. МОДУЛЬ
 
ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ ӚСІМДІК 
 
Өсімдіктер экологиясы 
ғылымы – бұл қоршаған орта фак-
торларының (жарық, жылу, ылғал, топырақ және атмосфералық 
ауа, т.б.) ӛсімдіктерге жекелеген және комплексті әсерін зерт-
тейді. Яғни, табиғи және мәдени ӛсімдіктердің морфологиялық, 
анатомиялық, физиологиялық ӛзгерістерін, бейімделу ерекше-
ліктері, себептері мен салдарын сипаттайды; тіршілік формала-
рының, морфотиптердің фитоценоздарда, экожүйелерде қалып-
тасуын зерттеп, студенттерге таныстырылады. Ӛсімдіктер эко-
логиясы бӛлімдері 1– кесетеде келтірілген. 
1 – Тақырып.
 Экологиялық факторлар 
классификациясы. Орта факторлары мен ӛсімдіктердің 
ӛзара әсерлесуінің мәні 
Экологиялық факторлар 
дегеніміз – ӛсімдіктер организмі 
үшін қажетті, бейтарап немесе теріс әсерін тигізетін ортаның 
элементтері, заттары, энергия, т.б. Табиғатта экологиялық фак-
торлар қосынды, жиынтық күйінде әсер етеді, ал организмдер-
дің оларға реакциясы, жауабы әртүрлі. Ӛсімдіктердің әртүрлі 
факторларға бейімделуі ұзақ (миллиондаған) жылдар бойы қа-
лыптасқан тарихи даму нәтижесі.
Факторлар негізгі үш топқа жіктеледі: абиотикалық, биоти-
калық және антропогендік. 
Абиотикалық факторлар
дегеніміз организмдерге (ӛсім-
діктерге) әсер ететін табиғи ортадағы бейорганикалық фактор-
лар жиынтығы. Олар – 
химиялық 
(атмосфераның, судың, топы-
рақтың химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар құрамы, шӛ-
гінділер, т.б.) және 
физикалық
(температура, қысым, салыстыр-
малы ылғалдылық, радиация, жел, т.б.) деп бӛлінеді. Сонымен 
бірге жер рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құры-
лымы, ортаның қышқылдығы немесе сілтілігі, космостық сәуле-
лер, т.б. факторлар ӛсімдіктер организміне әртүрлі деңгейде 
әсер етеді.



1 – кесте 
Ӛсімдіктер экологиясы бӛлімдері 
Экология 
бӛлімдері 
Гидрофит-
тер 
Гигрофит-
тер 
Мезофит-
тер 
Ксерофит-
тер 
Даралар 
экологиясы 
(аутэкология) 
Жеке организмдер арасындағы қарым-қатынас-
тарды олардың табиғи ортасымен байланыстыра 
отырып зерттейді. Ӛсімдіктерге табиғат фактор-
лары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап 
береді, ағзадағы морфологиялық, физиологиялық 
ӛзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. 
Популяциялар 
экологиясы 
(демэкология) 
Ӛсімдіктер популяцияларының қоршаған ортаға 
қатынасы ерекшеліктерін, биологиялық құрылы-
мын, табиғаттағы сан мӛлшерінің реттелуі, ауыл-
шаруашылығындағы маңызы зерттеледі. 
Қауымдастықтар 
экологиясы 
(фитоценология, 
экожүйелер) 
Бірлестіктер экологиясы (фитоценология) ретінде 
әртүрлі түрлерге жататын фитоценоздардың құ-
рылымы мен динамикасын, қалыптасу ерекшелік-
терін және қоршаған ортамен ӛзара қатынасын, 
әсерлесуін біртұтас организмдер жиынтығы дең-
гейінде зерттейді. 
Адамзат 
тіршілігі және 
ӛсімдіктер әлемі 
(агрофито-
ценология) 
Адамзат тіршілігіне қажетті азықтүлік және шикі 
заттарды ӛндіру мәселелері, экожүйелердегі ӛза-
ра байланыстарды ескере отырып, ауылшаруашы-
лығы дақылдары мен табиғи ӛсімдіктердің ӛнім-
ділігін арттыру, ӛсімдіктер әлемінің генетикалық 
қорын сақтау, қорғау, байыту мәселелері қарасты-
рылады. 
Абиотикалық факторлар тӛмендегіше жіктеледі: 
а) 
климаттық
– жарық, жылу, ауа, оның құрамы, қозғалыс-
тары, ылғал (жауын-шашын, топырақтағы және ауадағы ылғал-
дылық); 
б) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет