Сімдіктер экологиясы


эдафикалық (немесе топырақтық)



Pdf көрінісі
бет5/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
эдафикалық (немесе топырақтық) 
– топырақтың меха-
никалық және химиялық құрамы, физикалық қасиеттері; 
в) 
топографиялық
– 
жердің ойлы-қырлылығы, яғни рельефі.
Биотикалық факторлар 
дегеніміз тірі организмдердің, бір-
біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Тірі ор-
ганизмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, жыртқыштық, паразит-
тік, селбесіп (симбиозда) тіршілік ету арқылы алуан түрлі қа-



рым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар ӛсімдік пен 
жануарлар, ӛсімдік пен ӛсімдіктер, жануарлар мен жануарлар 
және жәндіктер арасында болуы мүмкін.
Биотикалық факторлар тӛмендегіше жіктеледі: 
а) 
фитогендік 

 
ӛсімдіктер қауымдастығындағы даралар-
дың (әрбір ӛсімдіктердің) бір-біріне әсері: симбиоз, паразитизм, 
механикалық түйісу, контакт әсері, микроклиматты ӛзгерту; 
б) 
зоогендік
– жануарлар мен жәндіктердің ӛсімдіктерге 
және бір-біріне әсері (ӛсімдіктермен және бір-бірімен қоректе-
ну, таптау, тозаңдандыру, тұқымдарын тарату, т.б.); 
в) 
микробиогендік 

 
вирустар, қарапайымдылар, бактерия-
лар, т.б. әсері
г) 
антропогендік факторлар 

 
бұл қоршаған ортаға, тірі 
организмдерге (ӛсімдіктерге) адамзат іс-әрекетінің тікелей және 
жанама әсері. Адам баласы ӛзінің материалдық игілігі және 
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін табиғат байлықтарын иге-
руде. Нәтижесінде, ӛнеркәсіп зауыдтары мен фабрикалар, ірі ке-
шендер салынып, кен алу және байыту, автокӛліктер, ауыл шар-
уашылығы салалары жылдан жылға дами түсуде. Ал, олардан 
зияндылығы әртүрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, зиянды хи-
миялық қосынды заттар қоршаған ортаға түседі, шашылады, та-
райды. Яғни, ауаның ластануы, су айналымының бұзылуы, то-
пырақтың ластанып құнарсыздануы, қуаңшылық, ӛзен-кӛлдер-
дің ластанып тартылуы, ӛсімдіктер мен жануарлардың сиреп 
немесе құрып жойылуы, адам баласының денсаулығының бұзы-
луы және биосфера ішіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың 
ӛзгеру құбылыстары үдей түсуде. Соңғы жылдары антропоген-
дік әсердің, қысымның биосфераға әсері айқын біліне бастады 
және зор геохимиялық күшке айналды. Осыған орай, адамзат іс-
әрекеті бақылауға алынып, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, 
ӛзгеруіне жол бермеу мақсатында ғаламдық проблемалар деңге-
йінде қарастырылуда (Бұл тақырып мәселелері 11-ші тақырыпта 
қаралған)
Биоценоз
– табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік 
ететін ӛсімдіктер, жануарлар, жәндіктер және микрооганизмдер-
дің жиынтығынан тұрады. Биоценоздағы организмдер ӛлі таби-
ғатпен бірлестікте ғана ӛмір сүреді. Сондықтан биоценоз компо-



ненттерінің қолайлы тіршілік ортасы – биотоптардан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет