Сімдіктер экологиясы


Ӛсу ареалын қысқарту немесе ӛсімдік тҥрлерін жою



Pdf көрінісі
бет47/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

2.
Ӛсу ареалын қысқарту немесе ӛсімдік тҥрлерін жою.
Бұл процесс адамзаттың алуан түрлі тіршілік әрекетінен туын-
дап отыр. Кейде адамдар ӛсімдіктердің кейбір түрлерін жоюға 
тырысады. Мысалы, Скандинавия елдерінде астық злактарының 
қара дат ауруы ӛсіп дамитын аралық ӛсімдік бӛріқарақатты (бар-
барис) түгел жойып жіберді. Арал ӛңіріндегі және Іле, Қаратал 
алқаптарындағы күріш плантацияларының ӛте зиянды – күрмек, 
шиін, доңызқоға арамшӛптерін жою мақсатында ұзақ жылдар 
бойы ӛте улы гербицидтер қолдануда. Бірақ бұл арамшӛптер әлі 
түгел жойылған жоқ. Сонымен бірге, ӛндірістің дамуы, техника-
ны жетілдіріп, әрі адамдар санының кӛбеюі нәтижесінде кӛпте-
ген ӛсімдік түрлері жойылуы алдында. Олар Қазақстан Қызыл 
кітабына енгізілген.
3.
Адамзаттың ӛсімдіктер әлеміне тікелей әсері.
Олар тың 
жерлерді айдап игеру, орман ағаштарын кесіп алу немесе ӛртеу, 
шабындыққа, жайылымға малдарды үздіксіз, ретсіз жаю немесе 
шӛптерін орып алу, т.б. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігі аймақ-
тарындағы сексеуіл тоғайларын кесіп, қопарып алып, одан та-
быс табатын бизнеске айналдырды, сексеуіл ӛскен тоғайларға 
орасан зор зиян келтіруде.
4. Мелиорация (суару, суландыру, қҧрғату).
Суару
– бұл 
дақылдардан жоғары ӛнім алу үшін топырақты ылғалдандыру, 
егісті суару. Аридті аймақта, мысалы Арал ӛңірінде суару және 
дренажды-қашыртқы жүйесі бар күріш плантациялары, яғни ин-
женерлі дайындалған суармалы күріш жүйелерін салу – бұл 
ӛңірдің ладшафтын, экологиялық жағдайын, топырақ түзілу 
процесін түбегейлі ӛзгертті. Бірақ, дренажды-қашыртқы жүйеле-
рі нашар жұмыс істеген жағдайда, жер асты суы деңгейі кӛтері-
ліп, минерализациялануы артады. Нәтижесінде топырақтың қай-
талама тұздануы күшейе түседі де, ауыспалы егіс танаптары то-
пырақтары қайталама тұздану процесі нәтижесінде құнарсызда-
нып, айналымнан шығып қалуда. Атап айтқанда (01.01.2004 ж. 
мәлімет бойынша), Арал ӛңіріндегі суармалы жерлердің жағда-
йы жақсы деп бағаланатын суармалы жерлер кӛлемі 72,9 мың 
гектар, қанағаттанарлық – 79,3 мың гектар, нашар жерлер –


73 
62,7 мың гектар, оның ішінде топырағы күшті тұзданған жерлер 
– 24,8 мың га, жер асты сулары деңгейінің тым кӛтерілуі және 
тұздануы нәтижесінде құнарсызданып, айналымнан шығып қал-
ған суармалы жерлер кӛлемі 22,5 мың гектар.
Суландыру
– жергілікті территорияны сумен қамтамасыз 
етуді жақсарту үшін қосымша су кӛздерін (су қоймасы, пруд, 
скважина, құдық, т.б.) орнату, салу (мысалы, Шардара, Кӛкса-
рай су қоймалары). 
Қҧрғату
– батпақтанған жерлерде жүргізіледі. Мысалы, 
батпақтанған ормандарды шамалы құрғату оның ӛнімділігін арт-
тырады. Бірақ, жер асты суы деңгейінің тӛмендеуі кӛрші, бат-
пақтанбаған ормандар астындағы жер асты суы деңгейін тӛмен-
детеді, ал бұл ӛз кезегінде осындай батпақтанған территориядан 
(аймақтан) бастау алатын ӛзеншелер суының азайып, тартылып 
қалуын туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет