Сімдіктер экологиясы


“ӚСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ” ТЕРМИНДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет54/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83
“ӚСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ” ТЕРМИНДЕРІНІҢ
НЕГІЗГІ ТҤСІНДІРМЕ СӚЗДІГІ
 
 
Абиотикалық факторлар

абиотические факторы.
Та-
биғаттың ӛлі компоненттерінің және факторларының тірі орга-
низмдерге әсері. 
 
Автотрофтар – автотрофы. 
Күн сәулесінің энергиясын 
фотосинтез немесе химиялық (хемосинтез) энергияны пайдала-
нып, кӛмір қышқыл газынан, судан және минералдық тұздардан 
ӛз бетінше органикалық заттар түзе алатын организмдер. Автот-
рофтарға құрылықта және суда ӛсетін жасыл ӛсімдіктер, судағы 
және топырақтағы хемотрофты бактериалар жатады. 
 
Агроэкожҥйелер (агроценоз) – агроэкосистемы. 
Адам ба-
ласы жасаған ӛсімдіктер қауымдастығы, яғни дақылдар егістігі, 
бау-бақша, жайылымдар. 
 
Адсорбция – адсорбция. 
Газды қосындыдан, сұйықтықтан 
немесе топырақтан заттардың адсорбенттер арқылы (сорғыш-
тар арқылы) сіңуі. Иондардың ӛсімдік тамырына сіңуі.
 
Азоттың биологиялық игерілуі – биологическая азот-
фиксация. 
Микроорганизмдердің молекулалық азотты игеріп
одан азоттық қосындылар құрастыру процесі. Бұндай организм-
дерге негізінен түйнек бактериалары, дербес тіршілік ететін 
клостридиум, азотобактер, сондай-ақ кейбір кӛк-жасыл балдыр-
лар жатады. 
 
Алғашқы жалпы ӛнім – валовая первичная продукция. 
Ӛсімдіктердің фотосинтезі процесінде синтездеген жалпы био-
масса. Оның бір бӛлігі (40-70 %) ӛсімдіктердің ӛзінің тіршілі-
гіне, тыныс алуына жұмсалады. Қалған бӛлігі 
алғашқы таза 
ӛнім
деп аталады.
 
Аллелопатия – аллелопатия. 
Бір организмдердің тіршілік 
әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға шығаратын заттары. Бұл 
заттар басқа организмдерге теріс (уландырады) немесе оң әсерін 
тигізеді, ӛсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар арасында 
кеңінен таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет