61
Боранды жел әсеріне тӛзімді ағаштарға емен, сібір қараға-
йы, эвкалипт, секвоя және тамыры тереңге, жан-жаққа таралып
ӛсетін басқа да ағашты ӛсімдіктер жатады. Бір бағытта соғатын
желдер ағашты ӛсімдіктер бұтақтары мен жапырақтарының тек
ық жақта немесе жерге қисайып, тӛселіп ӛсуін туындатады.
Арктикалық және биік таулы жерлерде ӛте жылдамдықпен қар
түйіршіктері ағаш ӛсімдігі бұтақтарын қажап зақымдайды не-
месе қар бетінде қалған мүшелерін қырқып, «қар коррозиясы»
құбылысы пайда болады. Күшті соққан желдер ағаш бұтақтары
мен жапырақтарын құрғатып, фотосинтез процесін тӛмендетеді,
ал тыныс алуы күшейе түсуі мүмкін. Нәтижесінде органикалық
заттар кӛп шығынданып, ӛсімдіктің ӛнімділігі тӛмендейді.
Сонымен бірге, желдердің ӛсімдіктер тіршілігінде оң әсері
де бар. Кӛптеген ӛсімдіктер (әсіресе, жабық тұқымдылардың
шамамен 10%-дай түрлері) желмен тозаңданады. Мұндай ӛсім-
діктерді
Достарыңызбен бөлісу: