Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет41/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83
 
17 – сурет
Қаңбақ (Statice Gelini) (В.В. Алехин, 1950). 
Белгілер: А-гүлдену кезеңі; Б-дәннің қалыптасу фазасы (қаңбақ шар 
тәрізді формаға айналады).
Бақылау сҧрақтары 
 
1.
Атмосфералық ауаның құрамы, сипаттамасы, ӛсімдіктер-
ге әсері. 
2.
Атмосфера құрамында қандай зиянды газдар, заттар бо-
лады және олардың ӛсімдіктерге әсері. 
3.
Атмосфера қозғалысы – желдің ӛсімдіктерге тікелей жә-
не жанама әсері.
4.
Ӛсімдіктер тіршілігіндегі желдің оң әсері. 
5.
Анемофильді және анемохорлы ӛсімдіктер. 


64 
10 – Тақырып.
 Ӛсімдіктердің тіршілік формаларының 
классификациясы. Раункиер жҥйесі бойынша 
топтастыру
Табиғи жағдайда экологиялық факторлар бір-бірлеп әсер ет-
пейді, тұтас әсер етеді және ӛсімдіктер соған бейімделеді. 
Орта жағдайы бірдей болған жағдайда әртүрлі топтағы ӛсім-
діктердің оған бейімделуі ұқсас болады, осыған сәйкес ӛсім-
діктердің сырт пішінінің ұқсастығына қарап жүйелерге бӛледі. 
Ботаника, экология ғылымдарының әдепкі даму кезеңінде ӛсім-
діктерді сырт пішініне қарап топтарға бӛлген. Ботаниктердің, 
экологтардың географиялық ой-ӛрісі, білімі және ӛсімдіктердің 
ӛсу ортасы туралы экологиялық мәліметтер жинақталған сайын 
олардың ортаға бейімделуінің ұқсастығын түсініп, топтарға бӛ-
лу туралы концепция туындады. 
1806 ж. А. Гумбольдт әртүрлі континенттердегі ӛсімдіктер-
ді зерттеу нәтижесінде 19 негізгі «тіршілік формаларын» анық-
тап ұсынды. Олардың кейбіреулері: 
1. Пальма тәрізді формалар 
2. Банан тәрізді формалар 
3. Қылқан жапырақты ағаштар 
4. Кактус тәрізді ӛсімдіктер 
5. Лиман тәрізділер 
6. Лавр тәрізді ағаштар 
7. Злак тәрізділер 
8. Мүк тәрізділер 
9. Орхидей тәрізділер 
Аталған топтарға бӛлу морфофизиологиялық пішініне қарай 
жасалынған. Бұлардың ішінде экологиялық және географиялық 
мәні бар топтар да бар: мысалы – қылқан жапырақты ағаштар 
қысы суық ӛңірге бейімделген болса, кактус тәрізділер – ылғалы 
аз болып, жазғы қуаңшылыққа бейімделу түрі. 
Ӛсімдіктер экологиясының негізін қалаушылардың бірі
Е. Варминг (1884) – бейімделу қасиеттерінің жиынтығы ретінде 
«тіршілік формалары» түсінігін ғылыми айналымға енгізді. Бұл 
түсінік бойынша ӛсімдіктің вегетативтік денесі қоршаған орта-


65 
мен бүкіл ӛсу дәуірінің ішінде гармониялық тығыз байланыста 
болады.
И.Г. Серебряков (1962, 1964) ағашты және бұталы ӛсімдік-
терді жүйелеудің экологиялық-морфологиялық принциптерін 
анықтады. Оның пікірі бойынша, әрбір топқа жататын ӛсімдік-
тердің ӛзіндік пішіні (габитусы) болады. Ондай пішін (габитус) 
ӛсімдіктердің бір аумақта және бірігей, ұқсас экологиялық 
жағдайда ӛсіп дамуы нәтижесінде қалыптасады. Оның анықтауы 
бойынша, тіршілік формаларын экологиялық топтастыру (жүйе-
леу) екі бағытта жүргізілуі керек: 
а) 
экологиялық-физиономиялық жүйелеу
– ӛсімдіктердің 
сыртқы пішініне, габитусына негізделген; 
б) 
морфологиялық-биологиялық бағыт
– тіршілік формала-
рын жүйелеу үшін ӛсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін
яғни, ӛсу дәуірінің ұзақтығы, даму ритмі, қоректену тәсілдері, 
физиологиялық ерекшеліктері негізінде алынуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет