Сімдіктер экологиясы


тікелей (мелиорация, ору,  таптау, ӛртеу, т.б.) және  жанама



Pdf көрінісі
бет46/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83
тікелей
(мелиорация, ору, 
таптау, ӛртеу, т.б.) және 
жанама
(ӛсімдіктердің ӛсіп даму орта-
сын ӛзгерту) болып бӛлінеді. Адамзаттың ӛсімдіктер әлеміне 
әсері әртүрлі және ол 9 – кестеде келтірілген. 
9 – кесте 
Адамзаттың ӛсімдіктер әлеміне әсерінің негізгі түрлері 
Ӛсімдіктердің 
ӛсу ареалын 
ӛзгерту 
Адамдардың 
ӛсімдіктер 
әлеміне тікелей 
әсері 
Ӛзгермеген 
табиғатта 
жаңа ӛсу 
ортасын 
жасау 
Мәдени 
фитоценоздар 
жасау 
Ӛсімдіктерді 
әкелу. Ӛсу 
ареалын 
қысқарту және 
ӛсімдіктерді 
жою. 
Айдау, құрғату. 
Ормандарды кесіп 
жою. Мелиорация 
және шайып суа-
ру. Ӛртеу. Жан-
уарларды (мал-
дарды) жаю. Ору. 
Ауадағы түтін, 
газдар және басқа 
зиянды қоспалар, 
заттар әсері. 
Рудеральды 
орын жа-
сау. 
Ӛндірістік 
қалдықтары 
орнын 
жасау. 
Мәдени 
фитоценоздар 
(агроценоздар) 
жасау. 


71 
Қоғамдық формацияның ӛзгеруі, ғылым мен техниканың 
күшті дамып, адамдардың техникалық мүмкінщілігі және саны-
ның ӛсуіне байланысты ӛсімдіктер жамылғысына әсері шексіз 
артып келеді. Олардың негізгі бағыттары тӛмендегідей. 
1.
Ӛсімдіктерді әкелу, флора қорын байыту.
Құрылықтар-
да адамдардың алғашқы таралуы кезінен бастап және де қазіргі 
кезеңдерде аймақтан аймаққа бару-келу нәтижесінде кӛптеген 
ӛсімдіктер тұқымы, әсіресе арамшӛптер тұқымы таралған және 
таралуда. Сонымен бірге, мәдени дақылдарды, оның сорттарын 
жаңа жерлерге әкеліп ӛсіруде. Мысалы, Арал ӛңіріне күріш да-
қылы 1895-1896 жылдары әкелініп егіле басталды. Кейінірек 
картофель, майлы дақылдар, жеміс-жидек ағаштарын әкеліп ӛсі-
руде, т.б. В.В. Алехиннің (1944) пікірі бойынша, тарихи кезең-
нен бұрын кӛне замандарда бар армшӛптерді 
археофиттер
деп 
атайды. Олар: қарамықша, ақ алабұта, жаманкӛк, түйежапырақ, 
қанатжеміс, кӛкпек, гүлкекіре, арпабас, т.б. Жаңа заман арам-
шӛптері – 
неофиттер
деп аталады. Олар: элодея (“су отбасы”), 
майдажелек, есекшӛп, т.б.
Мәдени егіс танаптарын ластаушы жергілікті арамшӛп 
түрлері 
апофиттер
деп аталады. Мысалы, Арал ӛңіріндегі және 
Іле мен Қаратал ӛзендері бойындағы алқаптардағы күріш план-
тацияларында және басқа да суармалы егіншілік жағдайында 
зиянды арамшӛптер – күрмек, шиін, доңыз қоға, кәдімгі қамыс 
ӛседі. Тың жерлерді айдағаннан кейін егістікте сиякӛк, әйкен 
(чина), сәлбен, сарыбас түйежоңышқа, т.б. ӛсімдіктері пайда 
болды. 
Әрбір мәдени дақыл түрлері тұқымдарымен әкелінген (та-
ралған) арамшӛптерді – 
сегетальды
деп атайды. Олар қарамық-
ша, кекіре, арпабас, ошаған, күрмек, шиін, т.б. 
Қоқым тасталынған (үй маңы, жол жағасы, ӛндіріс қалдық-
тары орны) жерлерде ӛсетіндерді – 
рудеральды
ӛсімдіктер деп 
атайды. Олар: меңдуана, қалақай, түйежоңышқа, т.б. 
Әдепкіде, Ботаникалық бақтарда, парктерде қолдан ӛсіріл-
ген кейбір ӛсімдіктер кейін жергілікті аймақ жағдайына бейім-
деліп, таралып кеткен ӛсімдіктер бар. Мысалы, Түркиядан иірта-
мыр (Acorus calamus), ал Орталық Азиядан шытырлақ (Impaticus 


72 
parviflora), Америкадан – картофель ӛсімдіктері әкелінген болуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет