Физикалық қасиеті
Мырыш - күмістей ақ түсті, қайнау температурасы 906 0С, балқу температурасы 419 0С, =7,1 г/см3 металл. Ылғал ауада оңай тотығып металдық жылтырын жоғалтады. Себебі оксидтік қабыршақпен қапталады, 100 -150 0С, оңай созылады. Онша қатты емес, электрөткізгіштігі күміс көрсеткішінің 25 %-ындай.
Химиялық қасиеті
Мырыш химиялық белсеңді металл , ауада қыздырғанда жасыл жалынмен жанып, ақ түсті мырыш оксидін береді:
2Zn + O2 = 2ZnO
А) жай заттармен әрекеттесуі:
хлормен, күкіртпен қыздырғанда әрекеттеседі:
Zn + Cl2 = ZnCl2
Zn + S = ZnS
Ә) күрделі заттармен әрекеттесуі:
тотықсыздандырғыш қышқылдармен және сұйық H2SO4 әрекеттескенде олардың құрамының сутегін ығыстырады:
Zn + HCl = ZnCl2 + H2
Zn + H2SO4 (c)= ZnSO4 + H2
Тотықтырғыш қышқылдармен:
Zn + 2H2SO4(k) = ZnSO4 + SO2 + 2H2O
Zn + 4HNO3(k) = Zn(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O
4Zn + 10HNO3(өте сұйық) = NH4NO3 + 4Zn(NO3)2 + 3H2O
Екідайлы оксид пен гидрооксид түзетін болғандықтан мырыш натрий гидрооксидінде ериді:
Zn + 2H2O + 2NaOH (c) = Na2[Zn(OH)4] + H2
натрийдің тетра-гидроксоцинкаты
Zn + 2NaOH (қ) = Na2ZnO2 + H2
Ерітінділерінің өзінен химиялық белсенділігі төмен металдарды ығыстырып шығарады:
Zn + 2AgNO3 = Zn(NO3)2 + 2Ag
Достарыңызбен бөлісу: |