Алынған қоспаны конверторларда балқытады:
2Cu2O + Cu2S = 6Cu + SO2
Түзілген өнім «қара» мыс деп аталады, ол әрі қарай арнайы тазартуға жіберіледі. Мысты күкірт қышқылында ерітіп, алынған тұзды электролиздеу арқылы жоғары сапалы мыс алынады.
Физикалық қасиеті
Мыс қызыл түсті металл 10830C - да балқиды, 25400C - да қайнайды, оңай созылыпсоғылатын жұмсақ металл, г/см3, электр тоғы мен жылуды өткізгіштігі бойынша күмістен кейінгі екінші орында тұр.
Химиялық қасиеттері
Мыс химиялық белсенділігі төмен металл, кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан .
А) жай заттармен әрекеттесуі
Бөлме температурасында ауаның оттегімен салғырт, ал қыздырғанда жақсы әрекеттеседі:
2Cu (қызыл) + О2 = 2CuO (қара)
Құрғақ хлор мыспен әрекеттеспейді, бірақ ылғал ортада едәуір шабытты әрекеттеседі:
Сu + Cl2 = CuCl2
Күкірпен қыздырғанда реакцияласады:
Cu + S = CuS
Достарыңызбен бөлісу: |