Мырыш және оның қосылыстарының қолданылуы
Мырыш жемірілуден (коррозиядан) қорғаушы металл, құймалары баспа әріптерін дайындау үшін қолданылады.
Мырыштың биологиялық үдерістердің жүруінде өршікті (фермент) ретінде атқарар рөлі зор. Оның қосылыстары тыңайтқыштарға микроэлементтер түрінде қосылады.
ZnO – цинк бояуларының құрамына кіреді, фармацевтикада қолданылады.
ZnCl2 – металдарды дәнекерлеуде, олардың бетін тазарту үшін.
ZnS- рентген сәулелерінің әсерінен жасыл түс береді, сондықтан жарқырауық циферблат, түсті кинескоптар жасауда.
ZnSО4 – сымдарды мырышпен гальваникалық қаптауда.
ZnCrO4 – сары түсті бояулар құрамында.
Мырыш қосылыстарынан гидроксидін алып,кобальт нитратымен қосып қыздырғанда жасыл түсті қос оксидтүзілуі арқылы анықталады (ZnO Co2O3), ал қарапайы тәсілі мырыш гидроксидінің (ақ түсті) екідайлығы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |