Сынап элементінің қасиеттері. Қолданылуы. Техникадағы ролін өз сөзіңізбен жазып беріңіз


Натрий Элементінің қасиеттері. Қолданылуы. Табиғаттағы ролін өз сөзіңізбен жазып беріңіз



бет23/24
Дата27.04.2022
өлшемі5,82 Mb.
#32486
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Райхан 3.2-3.3 эл.хим

Натрий Элементінің қасиеттері. Қолданылуы. Табиғаттағы ролін өз сөзіңізбен жазып беріңіз.

Периодтық жүйедегі орны

Натрий периодтың III топтың негізгі топшасының элементі, атомдық нөмірі 11; сондықтан ядросындағы протон саны 11, нейтрондар саны 12, электрондық жалпы саны 11, салыстырмалы атомдық массасы 23 ().



Атом құрылысы: Натрийдің электрондары үш электрондық қабаттаорналасқан:

1s2 2s2 2p6 3s1

Валенттілік электроны 3s1, оның кванттық ұяшықта орналасуы: 3s

Валенттілігі I, тотығу дәрежесі 0, + 1.



Табиғатта таралуы: Натрий табиғатта көптеп кездесетін элемент, ол жер қыртысында тарауы бойынша алтыншы орында тұр. Табиғи минералдары: NaCl - галит, ас тұзы, NaNO3 - чили селитрасы, Na3AlF6 - криолит, Na2SO4 10H2O– мирабилит немесе глаубер тұзы,Na2B4O710H2O - бура.

Алынуы Натрий өзінің гидроксидінің немесе хлоридінің балқындысын электролиздеу арқылы алынады.

2NaCl Na+Cl2



Физикалық қасиеттері: Натрий жеңіл (), жұмсақ, жаңа кескен кесіндіде күмістей ақ, балқу температурасы 980C, қайнау температурасы 8830C болатын металл.

Химиялық қасиеттері: Натрий өте химиялық белсенді элемент болғандықтан көптеген химиялық реакцияларға түседі (= - 2,71 В).

а) жай заттармен әрекеттесуі

Оттегімен өте шабатты әрекеттесіп оксид және пероксид түзеді:

2Na + O2 = Na2O2

4Na + O2 = 2Na2O

Натриий пероксиді тотықтырғыш болғандықтан металмен әрекеттесіп оксидіне айналады:

Na2O2 + 2Na = 2Na2O

Натрийді сутек атмосферасында қыздырғанда гидрид түзеді:

2Na+ H2 = 2NaH

Металл гидридтерінде сутек атомының тотығу дәрежесі теріс таңбалы болады (Na+H-). Түзілген гидрид сумен әрекеттесіп сілті және сутегін береді:

NaH + H2O = NaOH + H2

Сілтілік металдар галогендермен галогенидтер, күкіртпен сульфидтер, азотпен нитридтер, фосформен фосфидтер түзеді:

2Na + Cl2 = 2NaCl

2Na + S = Na2S

6Na + N2 = 2Na3N

3Na + P = Na3P

ә) күрделі заттармен әрекеттесуі

Натрий өте белсенді металл болғандықтан судың құрамындағы сутекті бөліп шығарады. Осы сутегінің әсерінең және өте женіл болғандықтан натрийдің кесегі судың бетінде шыр айналып жүреді. Бұл реакцияны өте үлкен сақтықпен жасау керек.

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Дәл осындай реакция спирттермен де жүреді:

2C2H5OH + 2Na = 2C2H5ONa + H2

натрий этилаты

Қышқылдармен де әрекеттеседі

2Na + 2HCl = 2NaCl + H2

Натрий аммиакта ериді:

2Na + 2NH3 = 2NaNH2 + H2





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет