Сыны мен теориялары туралы



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата16.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#93749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Өнер философиясы

 
Тірек сөздер: өнер философиясы, теория, әдістер, абстрактылы әдістер, спекулятивтік ойлау жүйесі, 
өнертану, өнер функциялары, көрнекілік теориясы, қазіргі заманғы өнер, практика.
Кіріспе
Қазіргі заманғы өнер философиясы 
өнерді түсіндірудің әртүрлі мектептері 
мен бағыттарына ие бола тұра, заманауи 
өнер философиясы салаларының даулы 
бірқатар көкейкесті мәселелеріне келіп 
тіреледі. Жалпы өнер өз ұғымының 
анықтамасын әлемді суреттеудің 
бейнелік және ұғымдық тәсілдерінде 
ол өнерге жататын не жатпайды дейтін 
пікірлердің қабылдануын, қарама-
қайшылығын ғана емес, оның анықталуы 
өнер философиясының, эстетика және 
өнертанумен орнататын байланысына 
да қатысты. Өнердің мақсаты мен мәнін 
айқындауда, оның көп уақыттарда 
адамдармен анықталатын объективті 
немесе субъективті қызметтік мәні 
мен идеяларына көңіл бөлінеді. Адам 
қызметінің арнайы саласы ретіндегі 
жатқан өнердің шығарманы жасауы 
мен көрерменмен қабылдануын 
айқындаушы категориялары, адам 
өмірінде алатын өнердің міндеттері мен 
қызметін зерттеу – мұның барлығы өзге 
ғылымдардың бірі айналыспайтын өнер 
философиясының пәндік ерекшелігін 
сипаттайды.
Өнердің гуманитарлық білімдер 
қатарындағы практикалық-
жасампаздық қырына мән беру мен 
оны түсіну қазіргі жаһандық әлемдік-
мәдени үрдістерде күн санап түрленуде. 
Теориялық білімдердің пәнаралық 
мағыздылығының артуымен, қазіргі 
уақытта отандық өнертану, өнер 
философиясы салаларында көркем-
мәдени үдердістерді теориялық деңгейде 
рефлексиялау мен пайымдау кезеңі 
өтуде. Әлемнің ғылыми-метафоралық 
бейнесі ғылыми және эстетикалық 
дискурстар қатынасындағы тұтастығы, 
мысалы, автор, көрермен мен кейіпкер 
тізбегіндегі, ұйымдастырылған 
оқиғалардың диалогтері не феномені 
ретінде орын алады. Жалпы көркем 
өнердегі ситуациялар мен дискурстар 
өздерінің құралдары мен мазмұндық 
құндылықтары ұдайы өзгеріп отыратын 
құрылымға, мәтінге айналатын болса, 
өнер философиясының анықтамасы, 
оның өлшемдері қандай деген сұрақтар 
туындайды.
Сондықтан, біз Р.Элдридждің «Өнер 
философиясына кіріспе» оқулығын [1] 
талдаудағы ғылыми мақаланың өзектілігі 
өнертану мен өнер философиясын 
зерттеушілерге, ізденуші студенттерге 
өнердің жасалу теориялары, 
шығармашылық пен сынның пайда 
болу мәселелерін түсіну, әдіснамалық 
қиындықтарды жою үшін жазылып отыр.
Өнер – көркем шығармашылық 
ретінде қоғамдық сананың ерекше 
формасы, шындықты рухани игерудің 
бір түрі. «Өнер» термині ежелден бері 
өнер туындыларын, көркемдік қызмет 
өнімдерін ғана емес, сонымен қатар 
сана мен қызметтің кез-келген басқа 
саласында (қолөнерде, ғылымда, 
техникада) көрініс тапқан «аса 
шеберлікті», «кәсібилікті», «суырып 
салмалықты» білдірді [2]. 
Мақаланың мақсаты Р. Элдридждің 
«Өнер философиясына кіріспе» кітабы 
негізінде заманауи өнер философиясы, 


9
эстетика және өнертану саласындағы 
бірқатар даулы мәселелерге негізделген 
өнер теориясы мен әдіснамасына, 
қақтығысты және сыни көзқарастарына 
дискурстық талдау жүргізу. 
Зерттеудің міндеттері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет