10
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s V
olume 5.Issue 4. 2020
туралы [5], Р. Анридің «Өнер рухы» [6],
«Өнер және сұлулық философиясы» [7],
Д. Бэйлз, Т. Орланд «Өнер мен үрей»
[8], Гегельдің «Эстетика дәрістеріне
кіріспе», О. Клеон «Суретші тәрізді ұрла»
[10], Г. Граам «Өнер философиясы:
эстетикаға кіріспе» [11], «Эстетика:
кешенді онтология» [12], С. Фриланд
«Шындығында бұл өнер ме? Өнер
теориясына кіріспе» [13]
деп аталатын
зерттеу еңбектерінің тақырыбына сай
қарастырған шығармашылық пен өзін-
өзі көрсету астарындағы авторлардың
рационалды және жеке идеяларының
ұтымды көріністері бар.
Шындығында, ғылыми деректердің
көптігіне қарамастан, Ричард
Элдридждің «Өнер философиясына
кіріспе» оқулығы [1] мәдени-
философиялық теориялар бойынша:
1) Өнер философияның міндеттері мен
жағдаяттары; 2) Реперезентация, еліктеу
мен ұқсастық; 3) Сонылық пен елестету;
4) Өнерді түсіну; 5) Өнер және қоғам:
өнердің кейбір заманауи тәжірибесі;
6) Эпилог: көрінбейтіннің ақиқаты және
т.б. бөлімдері деп тарауларында аталған
мәселелер өзгеше қарастырылған.
Оқулық табиғат пен өнердің мәні
туралы философиялық теориялар,
оны қолдану аясындағы әдебиет,
кескіндеме, мүсін, музыка, би, сәулет,
кино, концептуалды және перформанс
өнерлеріне анық әрі ықшам жасалған
шолу болып табылады. Ричард Элдриждің
өнер философиясы мен эстетика жайлы
оқулығы
студенттер, жас ғалымдар және
зерттеушілерге арналып жазылған.
Бұл екінші басылым бейнелеу өнері,
музыкалық экспрессия, концептуалды
өнер, Гегель, өнер және қоғам
тақырыптары жайындағы елеулі жаңа
зерттеулерді қамтиды. Классикалық
және заманауи философияға, әдебиет
теориясы мен өнертануға сүйене
отырып, Ричард Элдридж өнердің
репрезентативті, формальды және
экспрессивті өлшемдерін ашады.
Ол шығарманың эстетикалық және
семантикалық тереңдігіне, өз кезегінде,
образды бейнелі өнер туындыларының
танымдық, адамгершілік және әлеуметтік
маңыздылығына мән беруге шақырады.
Бұл маңыздылық одан әрі көркем
сұлулық, сонылық, бейнелілік және
сынға қарай дамиды.
Әдістер
Өнер философиясының қолданатын
әдістері өнертану және эстетика
әдістеріне қарағанда өзгешелеу болуы
мүмкін. Бірақ оларды байланыстыратын
ортақ тұстары да бар.
Өнертану – бұл адамның
шығармашылық іс-әрекеті мен
адамзаттың
мәдени мұрасын әдебиет
туындыларымен және әр түрлі өнер
түрлерімен байланыстыра зерттейтін
ғылыми зерттеулердің бірқатар
арнайы салаларының бөлігі болып
табылатын гуманитарлық пән. Сондай-
ақ салыстырмалы түрде ғылыми
әдістемесі бар өнер тарихына ең жақын
ғылымдар – әдебиеттану, музыкатану,
театртану, кинотану. Өнер тарихының
мамандануы – визуалды сұлулық
(жазықтықтағы үш өлшемді заттар
мен бейнелер), ал өнертанушылардың
ғылыми жауапкершілігінің шекаралары
суретші кәсібінің (бейнелеу және
1
Ричард Элдридж – Суартмор колледжінде Чарльз және Харриетт Кокс Макдауэлл Философия профессоры. Ол бес
кітаптың авторы, соның ішінде жақында ғана жарық көрген «Әдебиет, өмір және қазіргі заман» (2008), сондай-ақ
Философия және әдебиет бойынша, Оксфорд анықтамасы (2009) және (Бернард Римен бірге) Стэнлей Кейвел және
әдебиеттану: Скептицизм салдары (2011) деп аталатын төрт томдығының редакторы.
11
сәндік-қолданбалы өнер, сәулет
өнері) өкілдерінің шығармашылық
жауапкершілігінің шекараларымен
алдын-ала анықталған.
Өнер сыны – гуманитарлық
зерттеулер мен жалпы ғылыми білім
туралы идеялармен қатар өз тарихында
айтарлықтай өзгерді. Ғылымның дамуына
қарап, оның
қазіргі жағдайы мен оның
қағидалары туралы тұрақты идеялары
ХVІІІ–ХХ ғасырларда қалыптасты деп
айтуға болады. Бұрынғы дәуірлерді
ғылыми кезеңге дейінгі кезең немесе
ғылыми әдіснаманың әртүрлі кезеңі
ретінде анықтауға болады. Тарихшылар,
теоретиктер және ғылым философтары
(мысалы, М. Фуко) осы бағытта ғылыми
білімнің теориясы мен практикасын
зерттеумен айналысты. Осы саланың
мамандары қазіргі ғылымның
ерекшеліктерін (ХҮІІІ–ХХІ ғасырлар)
шындық пен ғылыми білімді объективті
және динамикалық бейнелеудің жалпы
тұжырымдамалары арқылы статикалық
және тексерілмейтін білімге балама
ретінде қарастырады [14].
Өнертанудағы семиотикалық
әдіс – зерттеудің семиотикалық әдісі
нәтижесінде өнер тарихында пайда
болады, басқа пәндерде егжей-тегжейлі
дайындалған тәсілді беру – семиотика
(шетелдік дәстүр бойынша: семиология).
Бұл әдістің ерекшелігі ол бейнелеу өнері
мен сәулет өнеріне арнайы құралдарды
қолдану арқылы жүзеге асырылатын
коммуникация саласы ретінде қарайды,
бірақ
бұл вербальды қарым-қатынас
моделінде жақсы зерттелуі мүмкін [15].
Қазіргі заманғы өнертану әдістерінің
жүйесін төмендегідей сипаттауға
болады. Бұл феномендерді зерттеу
арқылы 1) «өнер туындылары және
сәулет өнері; 2) шығармашылықпен,
суретшілер білімімен, көрмеге
байланысты тарихи процестердің
шығармада көрініс табуы; 3) суретшінің
шығармашылық тұлғасының көріністері,
тапсырыс берушілер мен өнер
көрермендерінің талаптары – өнер
тарихы зерттеу объектілерінің табиғаты
мен сипаттамаларында алдын-ала
анықталған бірқатар тәсілдерді дамытты.
Бізге таныс кеңестік ғылымда осындай
табиғи жолмен пайда болған әдістер:
тарихи және өнерді иконографиялық
зерттеу әдісі, формальды-стилистикалық
талдау әдістерін айтуға болады» [14].
Эстетикалық зерттеу тәсілі – эстетика
міндеттерін шешуде диалектикалық
талдау элементтері антикалық
эстэтикада Платонның сократ
диалогтарында, кейіннен XVIII–XIX ғғ.
неміс философиясында И. Кант,
Ф. Шеллинг, Г. Гегельде қолданылған.
Олар эстетикалық категорияларды
қандай да бір эстетика пәнінің жеке
міндеттерін шешуде диалектикалық
идеялар түрінде қолданды.
Неміс
философтары диалектикалық зерттеу
әдісін эстетикалық мәселелерді
зерттеуге ғана емес, сонымен бірге бүкіл
әлемдік көркемдік процесті талдауға
сәтті қолданды. Мұндағы атқаратын
маңызды қызметі – бұл дүниені
эстетикалық қабылдау ерекшеліктерін
және көркем шығармашылықты
эстетикалық категориялар арқылы
көркем образдарда тікелей іске
асырылатын кеңістік ретінде зерттеуге
ғылыми-тарихи көзқарас тәсілі ретінде
көрініс табады [16].
Өнер философиясы, эстетика және
өнертану ғылыми пәндер ретінде
ерекшеліктерге ие. «Эстетика мен өнер
философиясының ғылыми объективтілік
деңгейі өнертануға қарағанда жоғары,
өйткені соңғысы бағалау жағынан онша
еркін емес» деп тұжырымдалады [17].
Өнер философиясы мен өнертану
олардың жалпылық деңгейімен
12
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s V
olume 5.Issue 4. 2020
және сәйкесінше эмпирикалық
шындықпен байланысының сипатымен
ерекшеленеді.
Өнертану, тіпті таза
теориялық болса да, көркемдік
тәжірибеге жақын және әдетте олардың
гипотезаларында эмпирикалық тексеру
жолдарын көрсетеді. Өнер философиясы
абстрактылы, оның тұжырымдамалары
нақты өнер туындыларынан ғана
емес, олардың өнерді қабылдаудың
жинақталған тәжірибесі туралы негізінен
бастау алады. «Өнер философиясының
үлкен абстрактілігі, спекулятивтілігі
оның көкжиегінің кеңеюін қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар, нәтижесінде өнер
философиясы көбінесе схемалық және
спекулятивті ой нәтижесі болып шығатын
қауіпі де бар» [17].
Достарыңызбен бөлісу: