Жобалап оқыту технологиясының белгілері: - өз бетінше ойланып, жұмыс істей білу;
- өз білімі мен біліктілігін практикада қолдану;
- керекті ақпаратты жинау ,іздеу іскерлігі;
- жан – жақты болу;
- оқушының табиғи қызығушылығы арқылы белсенділігінің артуы.
Жобалап оқыту технологиясының мінездемесі:
- жеке басының ерекшелігі;
- жеке басының іскерлігі;
- топпен жұмыс істей білу, топта өзін ұстай білу қабілеттілігі;
- өз ойын еркін жеткізе білуі ,өзін көрсете білуі;
- ойлану бағытында және практикалық жұмыс бағытында өзінің шешім қабылдауы;
-ұжымшылдыққа, жауапкершілікке,әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Бұл жобалап оқыту технологиясы математика сабақтарында оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде де қарастырылады.
4
Жоғары мектеп
математикасын оқытуда
инновациялық
педагогикалық
технологиялардың
қолданысы
Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді. Олар: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және т.б.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде – мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады. Белгілі ғалымдардың тарихынан мәліметтер жинақтату, сонымен бірге әр түрлі тарихи есептер, ертегі есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептер және әзіл есептер шығарту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының әр қадамын көңіл бөліп мадақтап, қадағалап отырған дұрыс. Есептердің шығарылу жолына нұсқау беріп, өз бетімен орындауға мүмкіндік беру.
Екінші кезеңде – мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылап, есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орындалуын талап етеді. Әр түрлі қиындықтардағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, оқу құралдарын, қосымша анықтамалық материалдарды пайдалану қажет.
Үшінші кезеңде – мұғалім оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушы өз жұмысына талдау жасап, кеткен кемшіліктерін талдап, өзінің нені жетік білмейтіне көз жеткізеді. Алдағы істейтін, оқып-үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді.