Төртінші кезеңде – оқушының шығармашылық ізденістерінің нәтижесі көрінеді. Математикалық ережелерді, заңдылықтарды, теоремаларды дәлелдеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін тауып, есептерді шешуге тиімдісін пайдаланады. Оқушыны белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады.
Тапсырма 2. Жобалау технологиясы бойынша негізгі ұғымдық түсініктемелер кестесін құру:
п/№
Негізгі ұғымдар
Сипаттамасы
1
Педагогикалық технология-
дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер
2
Жоба -
жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
– бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі.
3
Жобаның негізгі қағидасы -
1. Декомпозиция қағидасы - бөлу және басқару қағидасына сүйенеді. Бұл қағида модульдерге бөлу деген мағынаны білдіреді. 2. Иерархиялық реттеу қағидасы - күрделі есептер шешімін иерархиялық ағаш түріндегі құрылым ретінде беру. 3. Концептуалды қағида өмірлік айналымның барлық сатысында бір реттелген тізім түрінде болады. 4. Абстрактілеу қағидасы жүйедегі өз функциясын ғана орындауға қатысты элементтерден тұратын модельді сипаттайды. 5. Қалыптандыру қағидасы - формальді тілдерде жүйенің мәселелерін шешу және сипаттауға әдістемелік тәсілдердің қажеттілігі. 6. Бірегей қағидасы - біртипті элементтерді әр түрлі модельдерді қолдану. 7. Логикалық тәуелсіздік қағидасы - физикалық түрде жүзеге асырудан тәуелсіз логикалық жобалауға көңіл бөлу. 8. Көпмодельді қағида - жүйенің моделі өзара байланысқан ішкі элементтерден тұрады. Олардың әрқайсысы жүйенің құрылымын және жұмыс істеуін бейнелей алады. 9. Келісімдік қағидасы. Модельдің элементтері бір-бірімен келісімде болады. Модель элементтеріне жатады: объектілер, модульдер, қолданушылар, байланыстар, т.с.с. 10. Инкапсуляция қағидасы (encapsulation - изоляция, шектеу). Бұл қағидаға сәйкес жүйе элементтері бір-бірінен жасырын түрде болады, қандай да бір деректерге шектеу қойылады. 11. Полиморфизм қағидасы (polymorph - көптік). Модельдің элементтерін тұрғызу принципі түрлі сыртқы формаларды және күйді қабылдай алады.
4
Жобаның мақсаты-
жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.
5
Жобалау әдісі-
оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі деп түсіндіріледі.
6
Жобалау қызметі-
Жобалау қызметі оған қарама-қарсы, болашақ модельдерді ғылыми негізделген дәл есептеулермен қамтамасыз ететіндіктен, қайта құру және ӛзгерістер жағдайында басқарудың басты қызметтерінің бірі бола алады.
7
Оқыту жобаларының классификациясы:
− Жобалау типтері немесе салалары: техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру, аралас салалар, т.б.
− Жобалау кластары немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша: моно – жобалау, мульти – жобалау, мега–жобалау. Олар қолданылуына қарай сипатталды, мысалы, моно – дербес жобалаудың белгілі бір масштабтағы түрліше дара жобалау екені атынан кӛрініп тұрса, мульти –жобалау бірнеше дербес жобалардан тұратын кешенді жобалау болса, мега–жобалау–белгілі бір экономикалық саланы, не аймақты дамытудың мақсатты бағдарламалары, оның құрамына моно – жобалау да, мульти – жобалау да еніп кетеді.
− Жобалау масштабтары: шағын, орташа, ірі және ӛте ірі деп шартты түрде белгілене алады.
− Жобалау ұзақтығы: қысқа мерзімді – 3 жылға дейінгі, орта мерзімді–3-5 жылға, ұзақ мерзімді–5-тен кӛп жылдарға созылатын жобалау;
− Жобалау түрлері: инвестициялық, инновациялық, білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас, т.б.
8
Жобаны презентациялау түрлері:
Презентацияңыздың мақсаты – сіздің жобаңызды инвестордың қаржыландыру;
Инвестордың жобаңыз жайындағы пікірін өзгертуіңіз керек (егер ол осы күнге дейін жобаңызды тиімсіз деп ойласа, оның пікірінің дұрыс еместігіне көзін жеткізуіңіз қажет);
Инвесторыңыз жайлы толық мағлұмат болуы керек (жынысы, жасы, білімі, дүние танымы, жобаңызға деген көзқарасы және т.б.).
Жобаны қорғау барысында қатысушылар өз жобасының толық презентациясын жасауы қажет. Төмендегі бөлімдерден тұрады: