Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай: І фазасы-қызығушылықты ояту Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Оқушы өз білетінің еске түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған.СЛАЙД ІІ-мағынаны ажыратуда үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат» ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығаның түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну-күрделі жұмыс.Оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.