Синий 3d иллюстрация Угадайте Слово Игра Забавная Презентация



бет3/4
Дата01.02.2023
өлшемі3,88 Mb.
#64267
1   2   3   4
Байланысты:
еп 20 2к Әбуалы А сөж 14 апта инклюзивтен

3. Математика аймағы:
Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.
4. Тіл аймағы:
Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т.б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай – ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді.
5. Ғарыш аймағы:
Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.
Балалар жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори – материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмыс істейді. Монтессори баланың шынайы заттармен айналысуын «жұмыс» деп атайды, ал біз «ойын» деп санағанға үйреніп қалғанбыз.
Монтессори тобындағы материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:
1. Бала өз қозғалыс қажеттіліктерін іске асыра алу үшін ортаның барлық материалдарына еркін қол жеткізе алуы керек.
2. Материалдар төмен, жақсы көрінетін, баланың бойына сәйкес сөрелерде тұрғаны жөн.
3. Төменгі сөрелерге ауыр, көлемді материал, ал жоғары сөрелерге жеңілірегін орналастырған дұрыс болады.
4. Балалардың материалды орнынан қозғауды жеңілдету мақсатында оны бөлшектеп әкелуге үйретуге болады.
5. Материалдарды жақтаулары ыңғайлы шағын табақшаларға орналастырған жөн.
.
6. Баланың Монтессори - топта бейімделу кезеңінде пластикалық жинақтар қолдануға болады, бұл ыдыс құлаған жағдайда, сәтсіз жағдайда қорқыныш, өзіне сенімсіздігін төмендету мақсатында істеледі.
7. Сенсорлық және күнделікті өмір жаттығулары аймағы қозғалыс дамуы қалыпты балаларға арналған ортаға қарағанда құрылымы бойынша көлемдірек болуы керек.
8. Материалдар дамуында бұзылуы бар балаларға қызықты болғаны жөн: классикалық Монтессори-материалдардың арасында көзге түсетін, ашық түсті қоямыз.
9. Презентациялардың кезеңділігін ескеру керек (цилиндрлер блогында бірнеше тесікті жауып қою, ілгекті рамкаларды 2-3 үлгімен шектеу).
.
10. Қозғалыс бұзылуы ауыр балалар үшін материалды түрлендірген дұрыс (“қызғылт мұнара” кубиктерін магнитпен жабдықтау, цилиндорлер көлемін үлкейту, оңай қысылатын қысқыштар қолдану)
11. Қағаздан жасалған құрал –жабдықтарды ламинациялау немесе пластикалық заттармен алмастыру керек.
12. Карточкалардағы суреттер қажетінше ірі және шынайы болғаны абзал.
13. Топтық сабақтарда суреттерді емес, шынайы заттарды таңдаған жөн.
14. Сызықтың бойымен жүру жұмысы кезінде баланың жеке қозғалыс ерекшеліктерін ескеріп, статикалық позаларды қолданбау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет