ХХ-ХХI ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті туралы және оның
қазақстандық жастарға тигізетін әсері
Орындаған: Садуақас Бексұлтан
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен , жаңа лептің бастау
алған кезеңі болды . Ол тек техникалык жетістіктер , ғылыми ашылуларға
ғана байланысты емес . Сонымен қатар рухани , мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты . Сондай заман нәтижелерінің бірі фанатизмнің
психологиялық ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына , жынысына қарамай
, бір идея толқынына біріктіруі , яғни « субмәдениет » ұғымының қалыптасуы
. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді . Субмәдениет өкілдерін , қала көшелеріне шықсаңыз , міндетті түрде көресіз және бірден танисыз . Өйткені олардың киім киістері де , өздерін ұстауы да , сөйлеулері де өзгеше . Осы
субмәдениет біздің қоғамдағы жастар алып барады . Субмәдениет жастардың өзіндік қоғам құрып , бегілі бір топ ішіндегі бейформалды , яғни , қоғамнан бөлек бірлестігі , осы бірлестік мәдениеті . Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазір бар әлемде кең таралған . Оған , әсіресе , жасөспірімдер көп қызығады .
Субмәдениет дегеніміз-қоғамнан оқшауланған өзіндік өмір сүру дағдысы бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы мәдениеттен өзгелеу, тіпті кейде оған наразы жастардың белгілі бір тобы жасаған мәдениет. Бұндай топтар өздерінің сөйлеу әдебімен, киім киісімен
және басқа да белгілерімен ерекшеленеді.
«Субмәдениет» терминін 1950 жылы американдық социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі-жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда
«алдыңғы қатарлы озық» мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни, бастапқыда аталған сөздер
субмәдениеттің түрлері болып есептеледі.
Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің болмағандығына байланысты мәдени мұ- ралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар), діни топтар (секталар) және жаңа технологияның дамуына байланысты (хакерлер, геймерлер) субмәдениет бірлестіктері айрықша даму үстінде. Готика, эмо, скинхэд, анимэ табынушылары секілді спецификалық суб- мәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен әсіресе ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән
үлгiлерiне, әуендерiне
қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған.
Дегенмен, мұндай әуендi
тыңдағанда “жастарға рэп
несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт-
дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Достарыңызбен бөлісу: |