Сынып: 11 Бөлім: «Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өтені мен келешегі. Шешендік сөздер» Оқу мақсаты



бет1/3
Дата09.10.2022
өлшемі20,85 Kb.
#41996
  1   2   3

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Пән: Қазақ тілі Сынып: 11 Бөлім: «Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өтені мен келешегі. Шешендік сөздер» Оқу мақсаты: 11.3.1.1- таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып тезис, аннотация жазу; 11.1.1.1- мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу. Бағалау критерийлері: ғылыми стильге тән тілдік құралдарды орынды қолданып тезис, аннотация жазады; мәтіндегі тиісті ақпаратты анықтайды. Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну, қолдану. Орындау уақыты: 20-25 минут Мәтінді мұқият оқыңыз
Орындаған: Жаңбырбаева Гүлназ
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және біздің елде өткен, әлем назарын аударған «ЭКСПО -2017 көрмесі » осы жолда атқарылып жатқан қыруар істері дәлел бола алады.
Біз барлығын заң жолымен шешетін құқықтық, зайырлы мемлекетке айналдық. Бабамыздың табаны тимеген жерге, баламыздың қаламы тиіп, құрлық асып білім алатын дәрежеге жеттік. Олимпиада чемпиондарын дайындап, дүниежүзіне әнұранымызды тыңдатып,көк байрағымызды көкте шарықтаттық.Тәуелсіздікті тірек етіп, елдің тыныштығы мен ынтымақ-бірлігін сақтап, білім мен біліктілігімізді арттырып, рухани жаңару барысында еліміздің тәуелсіздігін мәңгіге сақтай білдік. Қарағайдың қырық бұтағы болса, соның біреуі ғана түзу бітеді екен. Бірақ біздің ұрпақтарымыздың барлығы теректей жайқалып, түзу бітуі шарт. Өйткені азат елге қорған болатын сол жастар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет