Сынып: 11 Бөлім: «Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өтені мен келешегі. Шешендік сөздер» Оқу мақсаты



бет2/3
Дата09.10.2022
өлшемі20,85 Kb.
#41996
1   2   3
Байланысты:
11-сынып БЖБ қазақ тілі

1-тапсырма

Мәтіннің мақсаты

Стильдік сипаты

Тілдік амал-тәсілдері

Еліміздің терең тарихының,ел болашағындағы,мемлекет болып бірігуіндегі маңызын ұрпаққа түсіндіру,ұлт ұстанымы ету.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде калыптасады. .Публицистикалық шығармаларда еліміздің ішкі-сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты актуальды мәселелері сөз болады.
Публицистикалық стильге қойылатын талап — қандай тақы-рыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол — тілдік кұралдарды қолдана білуден байқалады.

Сұм соғыс.
ауыр жара салды. Бабамыздың табаны тимеген жер.
Қарағайдың қырық бұтағы.
Теректей жайқалып,түзу біту.


2-тапсырма Берілген мәтінге ғылыми стильге тән тілдік құралдарды қолдана отырып, тезис не аннотация жазыңдар.


Тәуелсіз Қазақстан тарихы жас ұрпақтар үшін маңызы зор.Ел тарихын Кеңестік дәуірге дейін,кейін,ағарту дәуірі,ақсүйектер қоғамы деп бөлу жөнсіз.Себебі,Қазақстанның бір ғана тұтас тарихы бар.Қазақстанның егемендік алып, ұлттық сана- сезімінің оянуы, тіліміз бен дініміздің қайта жаңғыруына байланысты жас ұрпақты дүниежүзілік деңгейге сай тәрбиелеуде өскелең ұрпақтың жоғары саналылығын, өркениеттілігін, имандылығын, адамгершілігін,мәдениеттілігін қалыптастыратын осындай мәдениет пен мораль тақырыптары - бүгінгі күннің ең маңызды ақпарат көздері болып саналады. Тәрбие беруде - қазақтың халық педагогикасы пайдалану арқылы ұрпақ дүниесін байыту, ұлттық өнерге, өз халқының әдет - ғұрпы мен дәстүрлеріне сүйіспеншілікпен қарауға, ұлттық мәдениетке, өнерді бағалауда дұрыс бағдар беру ұлт ұстанымының тұғыры.
3-тапсырма
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген даналық сөзге мәтіндегі ақпараттарды қолдана отырып, аргументті эссе жазыңдар


Әр халықтың,әр ұлттың өзіне тән тарихы,тереңде жатқан тағылымы бар.Халқымыздың жүріп өткен күрделі де көпқырлы тағдырын айқындайтын, қадір-қасиетін танытатын, сайып келгенде оның рухының өміршеңдігін негіздейтін – бұл ұлт тарихы. Халқымыздың рухани мұралары ұрпақтар байланысын жəне уақыт үндестігін білдіреді. Бұл — ата-бабамыздың рухына тағзым етіп, жас ұрпақты ізгілікке, отан-сүйгіштікке бағыттайтын бағыт-бағдар.
Түрлі нәубетті басынан өткізген халқымыз бүгінгі күні өз тәуелсіздігін алып, дамыған елдердің қатарында болашаққа қадам басып келеді. Біз осынау бақытты заманға кімнің арқасында жеткенімізді ұмытпауымыз керек және өз еліміздің тарихын терең біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуге тиіспіз
Бүгінгі Қазақстан халқы – бақытты қоғамда өмір сүріп отыр. Біз – бақытты елміз. Өйткені, біз – болашағымызға сенеміз. Біздің жастарымыздың озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктер берілген. Біз барлығымыз – бақытты мемлекеттің азаматтарымыз, ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің» перзентіміз. Терең мазмұнға ие осы құндылықтарды біз кейінгі ұрпақтың жүрегіне жеткізіп, ой-санасына сіңіруіміз қажет.
Ендеше, ата-бабаларымыздың санғасырлық арманын жүзеге асырған бүгінгі Тәуелсіз ұрпақ – өз елінің жарқын болашағы үшін аянбауы тиіс деп есептеймін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет