Сынып 35 балл Пириттің жануы бал



бет3/3
Дата18.10.2023
өлшемі20,78 Kb.
#118859
1   2   3
Байланысты:
химия олимпиада есептері

Изотоптар. 9 бал.
12СН4 пен 14СН4 қоспасындағы сутектің массалық үлесі 23%. Қоспадағы 12С изотобының массалық үлесін табыңыз.


11 сынып 35 бал.
Химиялық өзгерістер. 5 бал.
Келесі сызба нұсқаға сәйкес келетін химиялық реакцияларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.
Ацетилен этилен этанол сірке қышқылы натрий ацетаты метан хлорметан метаналь матан қышқылы көміртек (ІІ) оксиді көміртек (IV) оксиді
Жұмбақталған заттар. 7 бал.
Сутектік көрсеткіші 4,18 болатын көмір қышқылының судағы 0,01м ертіндісіндегі Н2СО3, НСО3-, СО32- бөлшектерінің концентрациярын анықтаңыздар. Көмірқышқылы үшін К1 = 4.45 10-7, K2 = 4.69 10-11;
Жұмбақталған заттар. 7 бал.
А затына күкірт қышқылмен әсер еткенде түзілген өткір иісті Б газын жай сұйық сұйық В затының судағы түсті ертіндісі арқылы өткізгенде ертінді түссізденеді. Алынған ертіндіге барий тұзын қосқанда қышқылдарда ерімейтін ақ тұнба түзіледі. Алынған ертінді арқылы сары жасыл түсті Г газын өткізгенде В заты түзіледі және бұрынғы түсі қалпына келеді. А, Б, В, және Г заттарын анықтаңадар және тиісті ракция теңдеулерін жазыңыздар.
Белгісіз заттың формуласын анықтау. 8 бал.
75мл газ тәрізді органикалық затты 150мл оттекпен араластырып, алынған қоспаны қопарған. Түзілген су буынан арылғаннан кейінкөлем 150мл ге дейін кеміген. Ал қалған газды сілті ертіндісінің артық мөлшері арқылы өткізгеннен кейін көлемі 75мл ге болған. Осы қалған газды өте жоғары температураға дейін қыздырылған металл күйіндегі мыс арқылы өткізгенде, ол толық жұтылған. Барлық өлшеулер 1100С температура мен атмосфералық қысымда жүргізілген. Заттың формуласын анықтаңдар. Тиісті ракция теңдеулерін табыңдар.
Жауабы: НСОН
Изотоптар. 9 бал.
Хлорсутек пен дейтерий хлоридінің қоспасы берілген. Қоспадағы хлордың массалық үлесі 96,73% қоспадағы дейтерий хлоридінің массалық үлесін анықтаңыздар.
Жауабы: (DCI2)=20,44%

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет