Жердің пайда болуы туралы аңыздар Ежелгі адамдар Жер шары Күннен және басқа жұлдыздарданда үлкен деп ойлаған. Алайда Жердің қалай пайда болғаны туралы білімі жоққа тең еді.Сол кезде адамдардың ой санасында мыңдаған пілдің күші бар, мыңдаған адамның ақылы бар тылсым күш иесі туралы ұғым пайда болды. Оны адам құдай деп атады. Құдай Жер шар мен аспанды жасаған. Жерде өзендер ағызып, канал қазған. Орман өсіріп, құстар мен аңдарды жайғастырған. Соңында адамды дүниеге келтірген. Құдай Жерді адамдардың көңілінен шығатындай етіп жасаған.
Төрт мың жыл бұрын Ежелгі Вавилон тұрғындары Жер шарын дөңес күмбез ретінде елестеткен. Жер үстінде аспан мен су, Жер астында да аспан мен су. Оған таңғалатын ештеңе жоқ, себебі вавилондықтар Тигр мен Евфрат сияқты екі үлкен өзен арасындағы тар жерде өмір сүрген.
2.Тапсырма Жұптық жұмыс: «Бұл кімнің гипотезасы» ? Әртүрлі ғалымдардың еңбектерін мултимедиялық ойын бойынша анықтайық :