Сабақтың тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар Оқу мақсаты: 5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру. Орындаған:Қожамұрат Аяулым
ХБК-1
3-курс
Ғаламның дамуы барысында Жер ғаламшарының пайда болуы туралы көптеген пікірлер болды. Қазіргі кезде жалпы Ғаламның қалыптасуы туралы “ Үлкен жарылыс теориясы” атты қабылданған теория бар.
“Үлкен жарылыс теориясы”
Ғаламның дамуы барысында Жер ғаламшарының пайда болуы туралы көптеген пікірлер болды. Қазіргі кезде жалпы Ғаламның қалыптасуы туралы “ Үлкен жарылыс теориясы” атты қабылданған теория бар.
Миллиондаған жыл бұрын ғарыштық кеңістікте үлкен, жанып тұрған, температурасы миллион градустан астам шар болды. Бір уақытта шар жарылды, оның бөлшектері мен материалдары үлкен жылдамдықпен Ғаламға таралып кетті.
Жер Күн жүйесінен есептесек үшінші ғаламшар. Шамамен 4,5-4,6 млрджыл бұрын пайда болған. Алғашқы кезде улы газдармен қайнап жанып тұрған тау жыныстарынан құралған аспан денесі болатын. Миллиондаған жылдар бойы Жер біртіндеп суына бастады. Жердің бетінде бұрынғы жалындап жанып-қызып жатқан массаның үстіне жұқа гранитті қабат пайда болып, қызған кездегі су булары нөсер жаңбырларға айналып , толассыз Жер бетіне жауып тұрды. Жаңбыр сулары Жер бетіндегі ойыстарды, төмен жатқан жерлерді суға толтырды. Бірақ уақыт өте келе су кері қайтып бұрынғы деңгейінен төмен түсті.
Гипотеза (гр. — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.