ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ САЛЫҚ ЗИМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН № 37 ОРТА МЕКТЕП АТЫРАУ ҚАЛАСЫ Автор: Орынбасар Аяулым.
Сынып: 9 А сынып
ЖАЙЫҚ ДАБЫЛ ҚАҒУДА
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі
Секциясы: Өлкетану
Ғылыми жетекшісі: Жанбырова Назгүл Наримановна
Атырау, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ 2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ЖАЙЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ 1.1 Жайық өзеніне физикалық – географиялық сипаттама...........................1
1.2 Жайық өзеніне экономикалық – демографиялық сипаттама..................3
2. ЖАЙЫҚТЫҢ ТАЯЗДАНУЫ 2.1 Ресей Федерациясының ақ Жайыққа қандай қатысы бар?.....................4
2.2 Ириклинское су қоймасы...........................................................................7
2.2 Верхнеуральское су қоймасы...................................................................9
3. АТЫРАУДАҒЫ АҚ ЖАЙЫҚ 3.1 Балықтар неге қырылды?..........................................................................11
3.2 Атырау Мұнай өңдеу зауытының Жайыққа қатысы..............................12
3.3 Атырау Су арнасы......................................................................................14
4. «БЕКІРЕ 2022» БАЛЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАСЫ 5. ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНЕ SWOT ТАЛДАУ............................................................................................................18 6. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АННОТАЦИЯ
Кезінде Атырау өлкесінің батыры Махамбет Өтемісұлының « Жайықтың бойы көк шалғын, күзерміз де жайлармыз » деп жырлап өткен қойнауында ақ бекіре ойнаған, жағасында құстар сайрап, ну жайлаған Жайықтың қазіргі бейнесіне жылап қарамасқа болмайды. Ақтан Керей бабамыздың Жайықты жанды суға теңеп ,оның жайылып аққан алабында бірнеше млн халықтың күнелтіп отырғаны соған дәлел. Ғылыми жобада қазіргі Жайықтың жай – күйіне зерттеу жасалынған.
Ғылыми жобаның тақырыбы : «Жайық дабыл қағуда»
Орындаған : Орынбасар А.Н
Ғылыми жетекшісі : Жанбырова Н.Н
Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде Жайық өзенінен физикалық – географиялық, экономикалық – демографиялық талдау берілсе, екінші бөлімде Қазіргі Жайық өзенінің таяздануына әкелген антропогендік факторлар туралы баян етіледі. Үшінші бөлімде Атырау облысындағы Жайық өзенінің экологиялық мәселелері туралы ашық жазылылса, қорытынды бөлімде болашақтағы өзен тағдырына баға беріледі. Жайық өзен алабы - индустриясы жоғары, пайдалы қазбалардың кен орындарын игерілумен, мұнай мен газ өндірілуден қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Ауыл шаруашылығы бүкіл бассейнде дерлік жүзеге асырылады. Бұл өзен бойында қара және түсті металлургия, химия, өнеркәсіп және электр энергетикасы, машина жасау және металл өңдеу, сондай-ақ тамақ және жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған.
2022 жылғы Жайық өзенін экологиялық - экономикалық тұрғыдан сақтау барысында, көптеген бағдарламалар қолға алынды. Соның ішінде « Бекіре – 2022 » балық қорғау шараларының қазіргі қызметі, мемлекет тарапынан 27 миллиард тенгенің қандай бағытта жұмсалынатыны туралы SWOT талдау берілген.