Пікір білдіруші: Жанбырова Назгүл Наримановна №37 мектебінің география пәні мұғалімі Кіріспе 2021 жылдың сәуір айында президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Атырау облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша маңызды мәселелерді шешу тапсырылған болатын. Актуальды проблема ретінде – экологиялық мәселелер мен өлкеміздегі табиғи ресурстарды сақтау болды. Сондықтан Тоқаев маңызды мәселе ретінде экологияны сақтау сферасынан бастау керектігін айтты. Сонымен, өлкеміздегі мұнай қалдығынан бөлек, ең өзекті деген экологиялық проблемалардың бірі болып – Жайық өзенінің мәселесі. Жайық өзен алабы - индустриясы жоғары, пайдалы қазбалардың кен орындарын игерілумен, мұнай мен газ өндірілуден қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Ауыл шаруашылығы бүкіл бассейнде дерлік жүзеге асырылады. Бұл өзен бойында қара және түсті металлургия, химия, өнеркәсіп және электр энергетикасы, машина жасау және металл өңдеу, сондай-ақ тамақ және жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған.
Жайық өзенінің қайғылы жағдайы – Қазақстан мен Ресей мемлекетінің ортақ мәселесі, айнасы десек те болады. Бірақ, қазір бұл өзеннің өте аянышты күйін көріп отырмыз, бұл жерде Ресей мемлекетінің де қатысы барын білуге болады, кімнің зардап шегіп, кімнің ұтып жатқанын анық байқауға болады. Себебі, Батыс Қазақстан, Атырау өңірлерін сумен асырап отырған осы Жайық. 4 млн – ға жуық халықты асырап отырған Жайықтың бүгінгі мен ертеңгі тағдыры әрбір қала тұрғанын алуға болады. Бұл өзен ауыз сумен ғана емес, мұнайды да, металын да, газын да, минералын да осы ағып жатқан өзен жағасынан алып отыр. Бірнеше жылдардан бері Жайық өзенінің таяздану қала және ауыл тұрғындарын мазалап келеді. Соңғы екі жылда өзеннің жағдайы күрт нашарлады, таяздануы анық көрініп тұр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бейсенова Ә., Шілдебаев Ж. – «Экология» Алматы. «Мектеп» 2005. 87-93 бет
Казгидромет. «мемлекеттік су ресурстары кадастары». Қазақстанның су ресурстары. Алматы. 2002 жыл.
Қабдолов З. – Атырау энциклопедиясы. Алматы. Атамұра. 2000 жыл. 29-33 бет.
«Атырау» - газеті, Ақ Жайық, Жайық шұғыласы. 2006 -2007 жыл. 14желтоқсан – 21 сәуір.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы. 2001. 474- 475 бет
Сливка А. П. – Жайық өзенінің экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары. 64-65 бет; 95-97 бет.