Адамның іс-әрекетіне тыйымдар мен ырымдар 1. Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
2. Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады;
3. Бүйірін таяну–қайғы-қасіреттің белгісі.
4. Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.
5. Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады;
6. Қыздардың ұлдарды тебуіне болмайды. Бұл көргенсіздік болып саналады.
7. Жуған қолды сіліксе, ырыс- несібе кетеді;
8. Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды. Бұл-әдепсіздік белгісі.
9. Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру– жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі;
10. Тырнақты тістесе, ырыс-несібе кетеді;
11. Құлаған үйдің, мал қораның ішінде адам дәретке отырмайды, киесі ұрады;
12. Күн батар алдында ұйықтауға болмайды. Батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады;
13. Түнде су алуға бармайды. Ал бара қалған жағдайда «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп, суға үш рет кесек лақтырып барып алған жөн;
14. Жүресінен отыру– әдепсіздіктің белгісі.
15.Кептерге қарап тас лақтырмайды. Олай істесе тыныштық бұзылады, береке кетеді;
16.Жағын таяну–мұң-шердің белгісі.
17. Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.
18.Бесіктің бас жағынан пышақ, қайрақ, қамшы жастайды немесе бүркіттің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Жын-шайтан, қауіп-қатер жуымайды;
19.Бетті басуға болмайды. Қайғыдан қажыған адам ғана бетін басады;
20. Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртеніп, соның салдарынан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай жасайды. Сол үшін мұндай жамандық шақырмау үшін бос бесікті тербетуге болмайды деп ырымдайды;
Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар 1.Әкесі тірі бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса, әкесі өліп қалады деген ырым бар.
2.Бала көкжөтел болса, көк ат мінген жолаушының жолын тосып, «көлденеңді көк атты, көкжөтелдің емі не» деп сұрайды. Ол нендей ем айтса, балаға соны қолданады.
3.Бала қырқынан шыққанша, түнде алып жүрмейді. Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін.
4.Бала ортан жіліктің майын жесе – ата-анаға мейірімсіз болады.
5.Бала тоқтық тартса – тоқшылық болады,бала ішегін тартса – жаманшылық болады.
6.Бала тілін шығарса – тіл келеді, яғни хабар келеді.
7.Балаға асық етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсаң да, асық етін мүжіме» деген бар.
8.Аты сүріншек болады деп балаға төстің сүріншегін жегізбейді.Баланы ожаумен ұрса, ырыс-несібе кетеді.
9. Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғыш тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.
10.Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, тілазар болады.
11.Баланың маңдай кең болса – ақылды әрі жайдары болады, желке шұқыры терең болса – жалқау, қыңыр болады. Бармағы майысқан болса – шебер болады, құлағы мен аузының арасы жақын болса - өтірікші болады.
12.Баланың орайы екеу болса – екі рет үйленеді, қыз екінші рет тұрмысқа шығады.
13. Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе
(шапан,тон,кебенек,жабу,жүген,қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.
14. Бөбек алақанын шапалақтаса – қуанышты хабар келеді.
15.Арқан жіп есіп жатқан кезде оның астынан балалар өтсе - бойы өспей қалады.
16.Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
17.Бала табалдырықты басып тұрса нағашысы қайтыс болады.
18. Дүниеге келген сәбидің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін "үй күшік болмасын" деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін "үйдің құты болсын" деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
19. Жас балаға кеңірдек жегізбейді – ұлдың келіншегі жалаңаш келеді, қыз жалаңаш күйеуге барады.
20. Ұл баланы 40күнге жеткізбей, 37-39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнде қырқынан шығарады. Бұл - ұл баланың қалыңдығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.