Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, жағымды атмосфера қалыптастыру) Тапсырма 1. (Б/С): «Бірінші дүниежүзілік соғыс әлем картасын қалай өзгертеді» тақырыбындағы үй жұмысын ««Дoпты лaқтыру»» әдісі арқылы жүреді. 1. Париж бейбіт конференциясы қай кезде болды? 2. Париж конференциясының негізгі мақсаты қандай? 3. Париж конференциясының нәтижесінде әлем картасында қандай мемлекеттер пайда болды? 4. Германияның аумақтық өзгерістерін картадан көрсетіңдер. 5. Версаль келісімшартының әскери баптарына баға беріңдер. 6. Версаль-Вашингтон халықаралық қатынастар жүйесінің қандай тұстары мықты және осал болғандығын талқылаңыз
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
Мәтінмен жұмыс «Өкіл» әдісі
мәтінмен жұмыс
Париж конференциясының Ұлттар Лигасының қызметімен және Версаль-Вашингтон жүйесімен танысады.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін «елші» болып сайланады да постерге жазып, сипаттап, баяндайды.
Ұлттар лигасының қызметіне тарихи баға береді. Версаль –Вашингтон жүйесінің осалдығын анықтайды Қ.Б Топтық бағалау
ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;
2 Тапсырма
«Картамен жұмыс»
Версаль –Вашингтон жүйесі Еуропа картасын қалай өзгерткендігін аныктап, картадан Еуропада пайда болған мемлекеттерді анықта.
ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.