Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу арқылы тәрбиелеу үдерісін жетілдіру
Сыныптың тәрбие жүйесі –бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.
Тәрбие жүйесі не үшін қажет? Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес , басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар: - оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ;
- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);
- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.
Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары: 1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі.
2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік .
3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау .
4. Оқушыларды мәңгілік ,басым құндылықтарға бағыттау .Олар: Отан,отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.
Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары: - Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;
- Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу ;
- қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ;
- бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер);
- барынша мәдениет пен білімділікті дамыту