Сынып жетекшісінің қызметі Сынып жетекшісі


Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге болады?



бет3/4
Дата25.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#86577
түріСабақ
1   2   3   4
Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге болады?
  • Сынып сағаты – оқушыларда қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайтын, арнайы ұйымдастырылған құндылықты-бағдарланған қызмет (Н.Е Шуркова, Н.С Финданцевич).
  • Сынып сағаты – сынып жетекшісінің сынып ұжымымен жүздесуіне бөлінетін уақыт, онда ол өзара қатынастың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және құралдарын пайдаланады (Е.В Титова).
  • Сынып жетекшісінің сағаты – бұл сынып оқушыларының қоршаған әлемге қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін, педагогтың жетекшілігімен арнайы ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының формасы (Л.В Байбородова).
    • Тәрбие шарасының өту барысы
    • Ұйымдастыру сәті (...мин)
    • Кіріспе бөлім (...мин)
    • Негізгі бөлім (...мин)
    • Қорытынды бөлім (...мин)
    • Барлық қатысушыларға қызықты болатын
    • сынып сағатын өткізу туралы ұсыныс:
    • сынып сағатының тақырыбын анықтамас бұрын оқушылармен сауалнама жүргізу;
    • сынып сағаты тақырыбын таңдағанда оның өзекті болуын ескеру;
    • тақырып балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек;
    • өздері бастама жасаған ұйымдастырушыларды анықтау, олардың ресми емес лидерлер болғаны жақсы;
    • көрнекі материалдарды дайындайтын шығармашылық топты анықтау;
    • қосымша әдебиеттерді, ақпараттарды табу;
    • ұжымды түгел қатыстыруға тырысу;
    • сынып сағатын үйреншікті емес, инновациялық формада ойындар, көріністер т.б.) арқылы өткізу;
    • сынып сағатын өткізудің оптималды уақытын таңдау (ерте де емес, кеш те емес), балалар тамақтанғаннан кейін.
    • сынып сағатының басталу және аяқталу сәтін жақсылап ойластырған дұрыс. Оны әзілмен бастап байсалды аңызбен (мысал) аяқтау қажет.
    • сынып сағатын өткізуге қолайлы орын таңдау (үстел, орындықтар шеңбер түрінде қойылғаны жақсы).
    • тұлғалық ерекшеліктер ескерілуі қажет;


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет