Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлі қандай?



Дата04.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#24861
Байланысты:
Сынып жетекшісінің

Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлі қандай?

Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.

Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1.Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,оларды ынтымағы жарасқан,белсенді,саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап,отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.

6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.Тәрбие қызметінің тұтастығын,жүйелігін,тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.Тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісінің қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б

Қазіргі кезде сынып жетекшінің бірнеше түрі бар.


Пән мұғалімі- бір мезгілде сынып жетекшісі қызметін атқарады;

Босатылған сынып жетекшісі- тек тәрбие жұмысын атқарады.

Сынып кураторы(қамқоршы)- қандай да бір жұмысты бақылау тапсырады;

Тьютор (қорғаншы,сүйеуші,қамқоршы)-педагогтың бірқатар ұйымдастырушы қызметін оқушылар өз міндетіне алған


Сынып жетекшісінің қызметі.


Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық.Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуна жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.

Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқазуға болады.

Ұйымдастыру-шылық қызметі.Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.

Сынып жетекші жұмысының алты басым бағытары.


Денсаулық

Қарым-қатынас

Адамгершілік

Бос уақыт

Отбасы

Оқу

Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен функциясы.

1. Бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын;

2. Өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыруын;

3. Ұлттық құндылықтарды игеру әдістерінің орындалуын.

4. Әр оқушының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, жекелеме жұмыс жасауын қадағалау.

5. Оқушының жекелеме картасына талдау жұмысын жасау.

6. Пән мұғалімдері мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

7. Пән мұғалімі мен ата-ананың ынтымақтастығын жақсарту.

8. Қосымша сабақтар, кеңестерді ұйымдастыру.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.


1.Оқушыға тікелей ықпал жасау.

2.Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру.



3.Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әртүрлі субъектілерге көмектесу,бақылау жасау.

Сынып жетекшісі білуі тиіс.

1.Өз кәсіби іс-әрекетін, қызықты әрі шабыттандыратын сыныптан тыс өмірді, әр тәрбиеленушінің тұлғалық бейнесін жоспарлауды.

2.Өз қызметінің нәтижесін талдауды және болжауды.

3.Әр тәрбиеленушінің тұлғалық қалыптасуында көмек көрсетуді.

4. Тәрбиеленушілерді өзінің сабақтан тыс іс-әрекетін талдауға үйретуді.

5. Ата-аналармен, сыныбындағы пән мұғалімдерімен,

қауымдастықпен әлеуметтік байланыс орнатуды.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет