Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады. АВ=ВС=СD=AD
А
В
С
D
О
Барлық қабырғалары тең. АВ=ВС=СD=AD
Қарама-қарсы бұрыштары тең.
3.Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.
АО=СО, ВО=DО
4.Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр және олар бұрыштардың биссектрисасы болады.
AC ┴ BD,
Тарихи мағлұматтар
«Параллелограмм» грек сөзі. Проклдың жазуынша, оны Евклид енгізген. Параллелограмм түсінігі және параллелограмның кейбір қасиеттері пифагорлықтарға да белгілі болған. Евклидтің «Бастамаларында» мына теорема дәлелденген: «Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары және қарама-қарсы бұрыштары тең, ал диагоналі оны тең екі бөлікке бөледі». Параллелограмдардың толық теориясы орта ғасырлардың аяғына қарай талданып, XVII ғасыр оқулықтарында көрініс тапты. Параллелограмдар туралы теоремалардың бәрі де тікелей немесе жанама түрде Евклидтің параллельдік аксиомасына негізделген.
Математикалық диктант
Кез келген төртбұрыш параллелограмм бола ала ма?
Кез келген параллелограмм төртбұрыш бола ала ма?
Кез келген квадрат тік төртбұрыш бола ала ма?
Кез келген тік төртбұрыш квадрат бола ала ма ?
Кез келген ромб параллелограмм бола ала ма ?
Кез келген параллелограмм ромб бола ала ма ?
Диагональдары тең және өзара перпендикуляр төртбұрыш квадрат бола ала ма?