9-сынып оқушыларының 7-9 мамыр демалыс күндеріндегі техника-қауіпсіздік ережелері Көше ережелері туралы тыңдау. 1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс. Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Ауылда 1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.
4. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.
5. Кешкі уақытта ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатынсыз көшеге шығуға болмайды.
6. Көкпар тартуға болмайды.