Жоспардын жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысы формалары оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспардың формалары Класс жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары болды. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары жасалды.
Мұғалімдердің апталық жоспары тұрақты болды. Мысалы:
Дүйсенбі-кітаппен жұмыс.
Сейсенбі-жаңалықтар хабарламасы.
Сәрсенбі-серуен, айын, жорық.
Тәрбие жоспарынын үлгісі: Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Өткен оқу жылына сай атқарылатын тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылына атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.