Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас
|
Пәні : Қазақ тілі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің тегі, аты:
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Тақырыбы:
|
Тіл-қарым-қатынас құралы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
1 Берілген мәтінді түсініп, негізгі ойды анықтайды.
2. Тілдесім барысында ауызша және жазбаша диалог құра алады.
3.Өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізе алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
Диалог құра алады.
Өз ойын нақты әрі еркін жеткізеді.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар орындай алады:
1. Оқушылар тіл-қатынас құралы екенін түсінеді.
2. Ауызша, жазбаша бір-бірімен тілдесе алады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Диалог, ауызша, жазбаша, т.б.
Өз ойларын айтуға арналған пайдалы тіркестер:
(тіл, тілдік бірлік, диалог, қарым-қатынас, ана тілі, т.б.)
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тіл неліктен құралға жатады?
Тіл-қарым-қатынас құралы дегенді қалай түсінесің?
ҚР мемелекеттік тілі қай тіл?
Бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыздар?
|
Алдыңғы оқу
|
Кіріспе
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын сақтау. Жұптық жұмыс барысында өзара сыйластыққа, құрметпен қарауға үйрету. Жауапкершілікті сезіну, достық,татулық секілді адами қасиеттерге баулу, уәдеде тұру, опасыздық жасамауға тәрбиелеу.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1 мин
2 мин
4 мин
5 мин.
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасамын.
2. Психологиялық ахуал («Білім шаңырағы» әдісі) Оқушылар шеңбер құрып, түрлі-түсті жіпті өздері білетін мақал-мәтелдер айту арқылы қарама-қарсы орналасқан оқушыға береді.
3. Сынып оқушыларын қима қағаздар(тіл туралы мақалдар) арқылы топқа бөлінеді. Әр топ өз мақал-мәтелінің мағынасын ашып түсіндіреді.
1-топ – Ана тілі (Өнер алды – қызыл тіл)
2-топ – Тіл – құрал (Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім)
3-топ- Тіл – күретамыр (Тіл – ұлттың жаны)
Сабаққа кіріспе
«Бұлтты күн» әдісі арқылы топтарға интербелсенді
тақтадан тапсырма беремін. Сұрақ толы ала бұлттарды сейілтіп, нұрын шашқан күннің жылуын сезіну.
Тіл неліктен құралға жатады?
Тіл-қарым-қатынас құралы дегенді қалай түсінесің?
ҚР мемелекеттік тілі қай тіл?
Тіл туралы заң қашан қабылданды?
Бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыздар?
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Мақал-мәтел, қима қағаздар, түрлі-түсті жіп
|
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті
|
10 мин
4 мин
1 мин
7 мин
|
Жаңа сабаққа.
Тыңдалым/Айтылым тапсырмалары
1.Жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырманы тыңдату. (Атамұра баспасы, 4-бет)
2-тапсырма: Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Адамдардың қарым-қатынасы не арқылы жүзеге асады?
Тілдік қатынас деген не?
Тілдік қатынас қандай жағдайда орын алады?
Тілдік қатынасқа кімдер түседі?
Адамдар тілдің көмегімен нені жеткізеді?
Дескриптор:
Мәтінді мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді;
ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі
4
Дескриптор:
Мәтінді мұқият тыңдайды, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
Тыңдалған мәтін мазмұнына сай сұрақтар мен ауызша жинақы мәтін құрады
ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі
|
Оқулық
Аудиомәтін
|
Сабақтың соңы
|
1 мин
|
Үй тапсырмасы: 5-тапсырма, 5-бет.
|
|
2 мин
3 мин
|
Кері байланыс: «Баспалдақ » әдісі арқылы оқушылардың тақырыпты меңгергендігін тексеру.
Қорытынды бағалау: Әр оқушыны сөзбен мадақтау.
|
|