Сабақта өткізілген тәрбие сағаттары бойынша күнделіктер:
ҚОРЫТЫНДЫ:
Тәжірибенің алғашқы күнінен бастап тәжірибе жеткешім қауіпсіздік ережелері, өрт кезіндегі қауіпсіздік және жолда жүру ережелеріне жеке-жеке тоқтала кетті. Тәрбие сағаттарын өткізудің маңызын түсіндім. Мұғалімнің сыртқы келбеті бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды болып саналатынын ескердім. Сынып жетекшінің жеке құжаттарымен таныстым. Оқушылармен қарым-қатынас барысында сөйлеу мәдениеті, сыртқы кейіп, тартымды имидж қалыптастыру керектігін үйрендім. Сыныптың эстетикалық жағдайын қалыптастыруға дағдыландым. Балаға тек білім беріп қана қоймай, оның қызығушылықтарын мұғалім ретінде ескеру керектігі жөнінде білдім. Мен осы бір апталық практика барысында өзімек және мамандығыма қатысты көптеген ақпарат алдым. Практика жетекшім Рысбаева Гульнара Жанатовнаға алғысым шексіз!