1-тарау. Синонимдік қатар. Синонимдік қатардың мағыналық негізгі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз сол сөздерді мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде оданда көп сөздер енеді. Мысалы, «Мені бұрынғы ерім тоқалдыққа алғанда бала үшін алған еді.» (С. Сейфуллин) Бұл мысалдағы тоқал деген сөз екінші әйел деген сөзбен синоним.
Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өз ара мәндес болуымен бірге барлығының бір сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін, оның қатарына енетін сөздердің барлығы да не бірөңкей зат есім сөздерден, не бірөңкей сын есім сөздерден немесе бірөңкей етістік сөздерден болуы керек.
Мысалы: Зат есімдерден болған синонимдер: өң – түс – түр – келбет – пішін – ажар – мүсін – көрік – әлпет – кескін –рең – дидар – шырай;
Түсің суық, тәнің шойын, жалаңаш.
Өлшеген нан, қара суды қылып ас.
немесе
Өң жоқ, түс жоқ, кепкен, солған, арыған
Тәндеріңді жастан темір қарыған
(«Жұмыскерлерге»)
Сын есімдерден болған синонимдер: салмақты – сабырлы – байыпты – байсалды – ұстамды; сұлу – әдемі – көркем – көрікті – ажарлы – кескінді – келбетті; күшті – мықты – әлді – қарулы – қайратты – қажырлы және т. б. Мысалы: Кербезсің маңызданған, сұлу терек
немесе
Қулық, сұмдық, қиянаттың
Тамырларын қиятын.
(«Кім жауапкер, жолдас?»)
Етістіктерден болған синонимдер: сауығу – жазылу – айығу;
жолығу – кездесу – ұшырасу; жорамалдау – долбарлау – тұспалдау – болжау – межелеу; амандасу – сәлемдесу; әзілдесу – қалжыңдасу; Мысалы:
«Өкпелеп әлде қалды ма?
Көңіліне ренжу алды ма?» («Жазғы түнде»)
Үстеулерден болған синонимдер: таяуда – жуырда – жақында;
әрең – әзер зорға; тез – жылдам – шапшаң – лезде – сәтте және т. б. Мысалы:
Жүк артысар аяқтарын тез басып
(«Жайлауға көшу»)
Сәкен Сейфуллин шығармаларында әсіресе зат есімдер мен сын есімдерден және етістіктерден болған синонимдер жиі кездеседі. Бұлай болатындығы әрбір тілдің лексикасындағы сөздердің басым көпшілігі зат есімдер мен сын есімдер және етістік сөздер.
Қазақ тілі синонимикасының жеке мәселелерін арнатйы зерттеу жұмысы 50-ші жылдардың бас шеңінде қолға алынып, соның нәтижес інде жеке зерттеулер жарық көрді. Бұл еңбектер бір ғана сөз табына тән синонимдердің материалы неізінде жазылған да, сол кезебңде жиналған 1300 жеке сөз (500 жуық синонимдік қатар) аясында шектелген еді. Ал қазір қазақ тіліндегі өзге сөз таптары да синонимге соншама бай екендігі мәлім болып отыр. Қазіргі жиналған мтареиладарға қарағанда, бір ғана зат есім синонимдерінің өзі сол кездегі материалдардан әлденеше есе артық екендігі байқалады. Әр сөз табына тән сөздердің өзіндік ерекшелері мен мағыналық сипаты болатыны белгілі. Бір сөз табына қатысты сөздердің сипаты барлық сөз табына тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді түгел қамтып, көрсетіп бере алмайды. Өйткені зат есімнің бойында бар қасмиет басқа сөздер табынан табылуы да, табылмауы да ықтимал. Әр сөз табы грамматикалық жағынан, лексика – семантикалық жағынан, сөйлемдегі атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен өзгешелініп, бөлініп тұратындығы аян. Бүтін бөлшектен құралса, бөлшенксіз бүтін де болмайды.