Барыс жалғаулы сөз тіркестері Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері өзара меңгеріле байланысады да , жанама пысықтауыштық, толықтауыштық катынастарда жұмсалады.
Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады .
a ) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері , негізінде , қимыл процесінің кімге , неге арналғанын , бағытын , қандай затпен үстемеленгенін , қандай затпен түйіскенін , неге қамтылғанын білдіреді . Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді ( Жамбыл). Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады . ( М. Әуезов ) ә ) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері , негізінде , қимыл процесінің бағытын білдіреді және мекендік , мезгілдік , мақсат мағыналарда жұмсалады . Мен ауданға барамын ( Ғ . Мұстафин ) . Бұл үйдің барлық жаны жаланаш - жалпы далаға жүгiрiп шығыпты ( Ғ . Мүсірепов ).
Достарыңызбен бөлісу: |