30. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
Қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі, негізінде, екі түрлі болады: сөйлемдегі бірқатар мүшенің орын тәртібі тұрақты, бірқатарының орын тәртібі жылжымалы болады. Орын тәртібі тұрақты болатындар жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле, матаса байланысатын сөйлем мүшелері.
Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы — сөйлем мүшелерін дүрыс орналастыру. Өз орнында тұрмаған сөз оқушыға оғаш көрініп тұрады немесе сөйлем мағынасы өзгеріліп кетеді.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдіқ өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс қүралған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге етер әсері де өзгеше болады. Әдеби тілде қалыптасқан сөйлем құрылысын бұзып, оның басын аяғына келтіріп жазу, әрине, шеберлікке жатпайды — дөре-кілік. Кейбіреулер солай екенін сезбей ме, әлде сөйлемнің аяғын аспаннан келтіріп айтуды қызық көре ме, әйтеуір қалай болса, со-лай жаза береді. Мысалы:
Шіркін, тың жер … Біз төсіне келгелі өтті’, міне, он жыл да … ’Ашушаң, долы апрельдің мінезі емсс, бірақ, бұл. Қателескен ұлы-ның жазасы алған анадан(Ә. Қалмырзаев).
Кейде сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып айтпағандықтан, өрескел қателер кетіп жатады. Мысалы: Ұзын мүйізді немістің қы-зыл сиыры жайылып жүр.Мұнда ұзын мүйізді деген анықтауыш өз орнында тұрмай сөйлемнің басына шығып кеткендіктен, “ұзын мүйізді неміс” болып тұр. Дұрысы — немістің ұзын мүйізді қызыл сиыры жайылып жүр.
Сол сияқты мына сөйлемдөрде де анықтауыштар өз орындарын-да тұрмағандықтан, басқа сөздерді анықтап теріс ұғым тудырып тұр:
Көп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт береміз (Радио, 28.1.1961). Дұрысы — Қазақтың жұртқа көп тараған халык, музыкасынан концерт береміз. Орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін Рахманиновтық фортепьянолық пьесалары … (Ра-дио, 14.ХІ.1961). Дұрысы — Рахманиновтың орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін фортепьянолық пьесалары …
Л. Н. Толстой айтқандай, сөз суреткерлерінің шеберлігі “бірден-бір керекті сөзді тауып қолданып, оны дұрыс орналастыра білуде”. Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де бұл жайында қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек.
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыс-тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша — баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелері-нің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматика-ларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды” десе,
Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік” деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Дәл осы арада автордың бұлай етуі өте орынды. Ол солай ету арқылы Бораштың тілім-тілім жаралы аяғын көріп Шегеннің таңданғанын, сол айтқан сөздерінің интонациялық өңі қалай екенін білдірген. Сол сияқты, Қолыңды тарт дегенді, айтушының ашулана, көтеріңкі дауыспен айтқанын білдіру үшін
М. Әуезов Тарт қолыңды! деп жазған. Бұл да — өте дұрыс жасалған инверсия.
Сөздердің айтылу әуенін, ой екпінінің қай сөзге түсетінін білді-ру үшін, жазушы Ғ. Мұстафин де (басқалар да) өз шығармаларында сөйлемдегі сөздердің орын тәрібін өзгертіп қолданады. Әсіресе “Қарағанды” романында ондай инверсиялар көп. Бірақ олардың азын-аулағы болмаса, көпшілігі-ақ жоғарғыдай белгілі мақсатқа лайық басқа сөздермен орын ауыспай, қалай болса, солай жазыла салған сияқты. Мысал келтірейік.
… Сергей Петрович ойымен осылайша болып келе жатты да, отыра қалды бір тасқа. Талдырмаш, ақ құба жігіт алып-ұшқан жүрегінің әуенімен асығыс шықты үйден. Алысқа жіберді көзін, Мейрам… атынан түсіп жаяу келді бұларға… Ганеев экспедициясы келіпті бұл араға. Атырапқа жіберді көзін. Бұл тәрізділер диалог ретінде айтылған сөйлемдер болса, бірсәрі ғой,— автордың атынан айтылған сөйлемдер. Автор әдейі’ сөйлемнің ортасында, аяқ шенін-де тұруға тиісті сөздерді онын, аяқ жағына қоя берген. Тіпті орын ауыстырура болмайтын тұрақты фразалық тіркестердің де (мысалы, көзін алысқа жіберді) орын тәртібін өзгертіп жазған. Бірақ солай ету қазақ тілінің синтаксистік заңын бұзбай ма, сөйлемді солай құрауда не көркемдік, не стильдік өң бола ма?
Сөйлеу тілінде, ел аузында айтылғанның бәрі әдеби норма бола бермейді. Онда (ауызекі сөйлеу тілінде) сөйлем мүшелері ауысып айтыла береді. Ал әдебиетте тілдік биік нысана болу керек қой. Сол нысанамыз әдеби норма болса, оны жөні жоқ бұза бермесек керек.
Сөйлем мүшелерін қалай болса солай орналастыру жазушының өз еркіндегі нәрсе емес. Сөйлемнің бастауышын қай жерге қойып айту кісінің, субъективті көзқарасымен емес, тілдің белгілі бір нор-масымен, заңдылығымен байланысты. Сондықтан сол заңды жете білмесе де, тілдің табиғатынан тыс, құлаққа жат естілетін үнін се-зетін кісілер сөйлем мүшелерін дұрыс орналастырады.
Бастауыштық жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады:
1. Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жі-гіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш — жігіттер^ баяндауыш — кірісті. Сол екеуінің ортасындағы сөздер — тұрлаусыз мүшелер. Олар баяндауышқа қатысты: баяндауышты пысықтайды (білектерін сыбанып), баяндауышты толықтайды (жұмысқа). Ал осы қалыпты орнын өзгертіп, сөйлем мүшелерінін, орындарын ауыстырып айтуға да болады. Мысалы, Білектерін сы-банып жігіттер жұмысқа кірісті, білектерін сыбанып жұмысқа жі-гіттер кірісті. Бұлар қай уақытта осылай айтылуы .мүмкін? Бас-тауышқа ой екпіні түсіп, оны басқа сөзден гөрі басым мағынада айту үшін осылай болуы мүмкін. Бұл — бір.
2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы,Университетте оқып жүрген жігіттер бі-лектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Бұл сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтуға бола ма? Болады, бірақ онша жатық болмайды. Дегенмен, былай десек: Білектерін сыбанып университетте оқып жүрген жігіттер жұмысқа кірісті. Мұнда білектерін сыбанып —оқып жүргенге қатысты болады, сөйлемнін мағынасы өзгеріледі.
3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштық дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа).
Осылардан нені аңғарамыз? 1) Бір мүшенің сөйлемдегі орны басқа мүшелердің сөйлемдегі орнына қарап белгіленеді. 2) Сөйлем мүшелерінін, қалыпты орнын өзгөртіп айтуға болатын болса, солай еткенде, қалай да сөйлемнің бұрынғы мағынасына өзгеріс енеді.
Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыс-тырып айтуды и н в е р с и я дейміз.
Инверсия мақсатты болу керек. Олай етпей, сөйлеу тілінде кез-деседі екен деп немесе сөйлем құрылысы әр алуан болсын деп, сөйлемді шәлкес, теріс құруға болмайды.
Бұл жөнінде де тілдің нәзіктігін ескеріңіз: анықтауыш, жалпы ереже бойынша, анықтайтын сөзінің дәл алдында тұрады. Егер бір заттың бірнеше, әр алуан анықтауышы болса, оның қайсысы бұрын, қайсысы соң тұру керек? Мұнда да тиянақты ереже бар: зат-тың түпкілікті, ең негізгі сапасын білдіретін анықтауыш сол заттың дәл қасында тұрады да, өзгелері одан бұрын орналасады. Мысалы, торы, ақсак, деген сындарды бие сөзінің анықтауыштары етіп айтқымыз келсе, ақсақ торы бие дейміз, керісінше,торы ақсақ бие демейміз. Себебі биенің, торылығы жусаң да кетпейтін түпкілікті, негізгі сапасы, ал ақсақтығы — қосымша, көлденең, міні,
Осындайды тіл айырады. Сондықтан үш терезелі биік үй дегенді “биік үш терезелі үй” деуге, тәртіпті жуас бала демей, “жуас тәртіпті бала” деудін, жөні жоқ. Сонда да осындайды сезбеген кісі дұрыс-терісін талғамай жаза береді.
Достарыңызбен бөлісу: |