Көлемдік.Көбінесе олар қимыл процесінің орнын көрсетеді, мысалы: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өту. Қой әлі өрістен келген жоқ.
Мезгілдік.Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мәнді және кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады. Мысалы: былтырдан білемін, жастайымнан түсінгенім.
Себеп салдар. Мысалы: қуанғаннан күліп жіберді, ұялғаннан қызарды, ұйықтап қалғандықтан кешікті.
Амал. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде қимылдың амалын (қалай болғанын) білдіреді, мысалы: етпетінен құлау, даусынан тану.
4.Жатыс жалғаулы сөз тіркестері. Жатыст жалғаулы етістіктен мынадай қатынастарда жұмсалады:
Объектілік(толықтауыштық). Қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатынын білдіреді: өмірде кездесу, ойда сақтау, сөзде тұру.
Пысықтауыштық: Мекендік. Мысалы: интернатта оқып жүр, ауылда көрдім, далада ұйықтап жатыр.
Мезгілдік. Оның бұл қылықтары алғашқы кезде ұнамады. Омбы қаласына іңір қараңғысында келіп кірді.
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Объектілік және пысықтауышты қатынастарда жұмсалады.
Пысықтауыштық. Көмектес жалғаулы зат есімдер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста мезгілді, мекенді, себеп салдарды, қимылдың істелу амалын білдіреді. Қожа ертемен кетті. Елек суын жер астымен әкелді. Арман Нева көшесімен келе жатты.