Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


Сабақтас құрмаластың грамматикалық табиғаты, түрлері



бет49/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

51. Сабақтас құрмаластың грамматикалық табиғаты, түрлері.
Сабақтас сөйлем деп компоненттері грамматикалық жақтан өзара теңдік қатынаста болмай, бірі екіншісіне тәуелді, бағынышты болып келетін құрмалас сөйлемді айтады.
1. Мысалдар:
а) Мұстафа одан жаман кектене түскенмен, мен енді ол үйден кетпеуге бел байладым (С.М.);
ә) Атылғанда мылтықтың аузы Хамтике тура келіп қалса, Хамит табанда құлайды (С.Сейф.);
б) Абай Семейге келгенде, Михайлов оған орыс классиктерінің еңбегін көрсетті (М.Ә.).
Келтірілген мысалдардың барлығын біз сабақтас құрмалас сөйлем деп танимыз. Біз бұл мысалдарды қандай белгілеріне қарап сабақтас деп танимыз, мәселе сонда. Осы белгілердің өзі жалпы сабақтас құрмалас сөйлем табиғатын айқындап тұратын бірден-бір айырым белгілер.
Енді солардың әрқайсысының қысқаша болса да мазмұнын ашайық.
1) Егер салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір-бірімен тең дәрежеде байланысса, сабақтас құрмаласта керісінше, олар өзара тең дәрежеде емес, тәуелділік сипатта құрмаласады. Бұл сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгісін айқындайтын басты көрсеткіш;
2) Сабақтас құрмаластағы тәуелділік сипат оның бағыныңқы компонетінен орын алады. Өйткені байланыстырғыш баяндауыш осы компоненттің бойынан шығады да, ол тиянақсыз қалыпқа түседі. Мұндай «тиянақсыз қалып» бір жағынан, сабақтас құрмалас сөйлемді жасаудағы орталық байланыстырғыш амал болып табылады. Осы амалдар арқылы бағыныңқы компонент тиянақты қалыптағы аяқталған негізгі сөйлеммен (басыңқы сөйлеммен) гр-лық байланысқа түседі;
3) Мұндай гр-лық байланыс сабақтас құрмаластың құрылысы бағыныңқы және басыңқы компоненттерден тұратындығын айқындайды;
4) Бағыныңқы сөйлемнің байланыстырғыш амалы ретінде етістіктің шартты рай тұлғасы, есімше, көсемше формалары және есімшемен тіркесетін түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер жұмсалады;
5) Сабақтас құрмаластағы (бағыныңқыдағы) ұласпалы байланыстырғыш интонация салаластағыдай емес, әлсіз, солғын болады;
Осы белгілерді ескере отырып, сабақтас құрмалас сөйлемге мынадай анықтама беріледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет