Екі компонент баяндауышы да бұйрық райда айтылады: Біраз дем ал, тынығып қаласың. Айтқанды істе, зиян таппайсың. Менімен бірге жүр, бәрін де көресің.
Бірінші компоненттін баяндауышы " жедел өткен шақ етістік + бар ғой " ( айтты бар ғой ) типті болып құралады да , шарттық қатынасты бiлдiретiн конструкция ұйымдастырады . Атқанға жығылмай , тек жараланды бар ғой , машинаның тас - талканы шығады ( Мұқанов ) .
Бірінші компоненттін баяндауышы " келер шак есімше + бар " ( айтары бар ) типті болып құралады да , шарттық катынасты бiлдiретiн iргелес салалас сөйлем ұйымдастырады : Қорқатыны бар , коска неге отырады ?
Шарттык конструкцияны ұйымдастыратын баяндауыштық форма “ келмесі бар " ( болымсыз формадагы кимыл атауы + бар ) түрінде де құралып жұмсалады " . Бермесін бар , ол кедейді неге әуре қыласын ( Майлин ) .
Іргелес компонеттің баяндауышы " жедел еткен шак + екен " ( келдi екенсiн ) , " есімше - ған + екен " ( келген екен ) типтi болып құралады да, шарттық катынасты білдіретін салалас сөйлем ұйымдастырады . Өкімет бер дейді екен , бересін ( Майлин ) . Келген екенсін , кондырмай жібермейміз ( Мұратбеков ).
Бiрiншi компоненттіц баяндауышы " өткен шақ етістік + ба " ( айттым ба ) типті болып құралады да , шарттық катынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем ұйымдастырылады . Біз осыған жол беріп ал дық па , онда бітті ( “ Жас алаш " ) .
Кейде қарсылық жалғаулықтары арқылы да байланысады: Біз білмеген ақ болайық, бірақ өзі тиіш жүрсінші.
Бірінші компонент баяндауышы III жақта, екіншісі I жақта: Ол тез кететін болсыншы, біз үндемейік.
Шарт мәнді сөйлемдердегі компоненттер арасындағы мағыналық қатынас төмендегіше көрінеді: