Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


Сабақтас құрмалас түрлері



бет51/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

Сабақтас құрмалас түрлері:
1. Сабақтас құрмаластың жеке түрлері оның бағыныңқы компонентінің ыңғайына қарай жіктеледі. Сөйтіп сабақтас құрмаластың жеке түрлері бағыныңқы сөйлемнің жіктелуінен келіп шығады.
Сабақтастарды жіктеуді 3 принцип орын алған: 1) функционалды принцип (бағыныңқының сөйлемдегі қызметін басшылыққа алу); 2) тұлғалық (формальды) принцип; 3) құрылымдық-семантикалық принцип. Біріншісі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, екіншісі С.Аманжолов, Т.Қордабаев, үшіншісі Қ.Есенов еңбектерінен байқалады.

А.Байтұрсынұлы еңбегінде сабақтас сөйлемді жіктеуге бағыныңқы компонеттің басыңқы компонетпен қандайлық мағыналық қатынаста тұратындығы негізгі белгі етіп алынған. Осы белгiсiне қарай бағыныңқы компоненті сөйлем мүшелерінің атымен: бастауыш бағыныңқы , анықтауыш бағыныңқы , толықтауыш бағыныңқы , мезгіл пысықтауыш , мекен пысықтауыш бағыныңқы , сын пысықтауыш бағыныңқы, себеп пысықтауыш бағыныңқы, шарт бағыныңқы, ереуіл бағыныңқы деп 9 түрге бөлген.
Сабақтас құрмалас сөйлемді жіктеудің екінші түрі Қ . Жұбановтың басшылығымен 1936 жылы жасалған бағдарламасында берілді . Бұл автор да етістіктің шартты рай формалы түрін сабақтас сөйлем жасаудын негізгі тұлғасы ретінде алған . Бірақ сабақтасты түрге жiктеуде алдынғылардан баска принципке сүйенеді . Автордын тұжырымдарына, келтірген мысалдарына қарағанда , сабақтас болу үшiн бағыныңқы компонент шартты райға аяқталу керек те , басыңкы компонентте бағыныңқы сөйлемде айтылатын сұрау есімдігіне жауап ретінде келетін сілтеу есімдігі болу керек . Сол сілтеу есімдігі сөйлемнің қай мүшесі болса , қандай тұлғада айтылca , сабақтас сөйлем соның атымен аталып , жіктелу керек . Мысалы : Кімді айтса, сол келеді . Ол кандай болса , мен де сондай , деген сөйлемнің алдыңғысында « сол >> есімдігі сөйлемнің бастауышы , соңғы сөйлемде баяндауышы болып тұр . Сондықтан бірінші сөйлем бастауышы бағыныңқы , екінші сөйлем баяндауыш басыңқы болады . Дәнекер есімдік , яғни « сол » есімдігі септік жалғауында айтылса , септес бағыныңқы , ілік жалғауында тұрса , іліктес бағыныңқы болады дейді . Сөйтіп , алдыңғы екi сабақтас сөйлемді жiктеуде дәнекер есiмдiктің сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанына сүйенсе , кейінгілерінде дәнекер есімдіктің қандай тұлғада айтылғанына сүйенген . Сөйтіп , жіктеуге әр түрлі белгілерді критерий ете отырып , Қ . Жұбанов сабақтас құрмалас сөйлемді бастауыш бағыныңқы , баяндауыш бағыныңқы , септес бағыныңқы , іліктес бағыныңқы , шақтас бағыныңқы , жанас бағыныңқы , қабыс бағыныңқы сабақтастар деп 7 түрге бөлген.
1939 жылы шыққан С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың орта мектепке арналған оқулығында сабақтас құрмалас сөйлемді жіктеуде компоненттердің бір бірімен мағыналық қатынасына сүйенген. Осы белгісіне қарай сабақтас құрмалас сөйлемді: себеп салдар, мезгіл, шартты, салыстырмалы, мақсатты, қарсылықты, нұсқаулы, іргелес, аяулы, сілтеулі делініп 10 түрге бөлінген.
1940 жылы С.Аманжоловтың ҚазПИ студенттеріне оқыған лекциясы кітап болып басылып шықты. Бұл еңбекте алдыңғы оқулықта айтылғандар үстіне дағдылы, үлестес, баяндауыш, қыстырма, мекен, арналыс, тақырыпты, ұқсасты сабақтас сөйлем деген түрлерді қосып, сабақтасты 18 түрге бөлген.
Осы пікірлерді негізге ала сабақтас құрмалас сөйлемді мынадай топтарға бөлеміз:
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
2. Қарсылыкты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
4. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
6. Максат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
7. Салыстырмалы сабақтас сөйлем.
8. Мезгілдес (ыңғайлас) сабактас сөйлем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет