Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЖАҒЫНАН БӨЛІНУІ



бет33/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЖАҒЫНАН БӨЛІНУІ
Сұраулы сөйлемдер диалогтік, сөйлеудін әр кезеңіне сай түрліше құрылып жұмсалады. Сұраулы сөйлемдерді бұл жөнінен ескергенде үш топка бөлуге болады:
1. Негізгі сұрақты  білдіретін сөйлемдер диалогқа желі болып отырған тақырып жөнінде әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады.
Ей, сен бала, директордың шопыры емессің бе? (А. Нұрманов).
Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы сөздердің (не істеді, кім, қашан т. б.), шылаулардың (ма, ме, па, пе) қатысуымен жасалады.
Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, кұбылыстың белгісін білу үшін койылған бастапқы, әр негізгі сұрақты білдіреді. Оның кызмет ерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда анық байқалады.
2. Жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа негізгі сұракқа жауап алу үстінде косымша қойылған сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдерді жаткызамыз.
— Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағай- ындасақ екен?
— Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де сай.
— Сен өзің ше?
Бұл мысалдағы негізгі сұрақты білдіретін сөйлем— «Бұл кұрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен». Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала отырып, тындаушыға іліктес тағы бір сұрак қойып отыр: Сен өзің ше? Бұл — жетек сұрақ.
Жетек сұрақ әр уақытта негізгі сұраққа арқа сүйеп жұмсалады. Бүл оның құрамына әсер етеді. Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады. Көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана түрады.
— Естіп пе ең, келді ғой?
— Кім?
— Әбіл.
— Кайда?
— Осында! (Б. М.)-
Жетек сұрак тек сұраулы сөзден құралғанмен, оған қатысты баска сөздер негізгі сұрактан көрініп түрады.
Ашык сұрақ мағынасындағы сөйлемдер жетек кызметінде келгенде, ол тек сұрак мағыналы сөзден құралады.
Жетек сұрак алыернативті мағынада келгенде ше шылауынын катысуымен кұралады. Алыернативті білдіретін мүше ше шылауын қосып сөйлем құрайды.
Әлде Донбастың күші жетпеді ме?
Донбастың күші жететін еді, соғыс басталып кет- ті де, біз үлгіре алмадық.
Ал соғыстан бұрын ше? (Ә. Ә.).
Жетек сұрақты білдіретін сөйлем — сөйлеу процесін ықшамды жинақты ету мақсатынан пайда болған форма.
— Канал Қаройға жетті ме?
— Жоқ.
— Жалтырға ше?
Соңғы сұрақты «Ал Жалтырға жетті ме?» деп те айтуға болар еді. Бірақ тілімізде көбіне қосымша сұрақты ықшам білдіру үшін арнай жасалған форма басым жұмсалады.
3. Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді. Аынқтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады.
— Бұл кісілер қай елдікі?
— Сабынкөлдікі.
— Сабынкөлдікі?
— Иә, Сабынкөлдікі (Б. М.).
Бұл диалогтардағы анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлем тек интонация арқылы форма алып тұр. Оған шылаулар, сұрау мағыналы сөздер қатыспаған. Бұл амал-анықтаушы сұрақка тән амал және бұл хабарлы сөйлемге қатысты қойылатын анықтаушы сұрақтың формасы.
Негізгі сұраққа қатысты қойылған анықтаушы сұрақ басқа формада құралады.
Күздік бас алды ма?
Күздік пе, күздік биыл кеш көтерілді. Анықтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады.
[59-61-б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет