Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ



бет34/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ
Сұраулы сөйлемдер сұрақтың ішкі логикалық мазмұнына қарай да бөлініп жатады. Сұрақтың бұл бөлінуі арнайы тілдік формасынан да көрінеді. Сондықтан тіл ғылымы сұраулы сөйлемдердің бойындағы бұл құбылысты елеусіз қалдыра алмайды.
Сұрақты, логиктер мазмұнына қарай негізінен екі топқа бөліп жүр: жалпы сұрақ (общий вопрос), альтернативтік сұрақ (альтернативный вопрос). Сұраулы сөй-лемдердің мағынасы осы логикалық мағыналарға негізделгенмен, коммуникация үстінде түрлі өң алатыны бар. Соларды ескеріп біз сұраулы сөйлемдерді мағынасына қарай төрт топқа бөлдік: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.[61-62-б]
АШЫҚ (ЖАЛПЫ) СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Сұраулы сөйлемдердік бұл түріне тән мағыналық ерекшелік — мұнда сұраққа негіз болып отырған, іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қатысады. Сондықтан іздеулі мүшенің орнына кім, не, қайда, қайдан, қандай, неше, не істеді деген сияқты сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады: Ау, Несібелі қайда? (Б. М.). Ал не істейміз? (С. Мұрат.).
Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер іштей өзара былай бөлінеді:
1. Субъектінің іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер. Бұл сұраулы сөйлемдер кім, не деген есімдіктердің бас- тауыш позициясында қатысуы арқылы кұралады: Не құ- латқан мұны? Кім келді?
2. Предикативтік іс-әрекеттің, сапаның, сынның із- деулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлем- дер не істеді, қайтті, кім, не, қандай, неше қайда деген есімдіктердің баяндауыштық позицияда жұмсалуы ар- қылы қатысады.
Келгелі не істедіңіз? Сонда айтпағың не?
3. Іс-қимыл объектісінің іздеулі  екенін  білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер кімді, нені, кімге, неге, кіммен, немен т. б. сұраулы есімдіктердің қатысуы- мен құралады.
Кімге жолықтың?
4. Іс-қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мез- гілінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сейлемдер. Бұл сөйлемдер қалай, не үшін, неліктен, қашан деген сияқты сөздердің пысықтауыш мүше позициясында қатысуы арқылы құралады.
Олар не үшін қалды? Ол қашан қайтыпты?
5. Зат сапасының, сынының, санының іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдерге қандай, неше, қай деген сөздер анықтауыш мүше позициясында қатысады. Қанша кісі жұмысқа шықты? Қандай вагонға алдыңдар?[62-63-б]






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет