Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің анықтамасын айтып, мысалмен түсіндіріңіз



бет7/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

12.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің анықтамасын айтып, мысалмен түсіндіріңіз
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.Толықтауыш кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімнен? Неден? Кімде?
Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады:
Тура толықтауыш;
Жанама толықтауыш.
Тура толықтауыш табыс септігіндегі сөзден жасалып, ол үнемі сабақты етістіктен жасалаған мүшелермен көбінесе жақын тұрып байланысады да,соларды толықтырады, оларсыз қолданылмайды. Тура толықтауыштың сұрақтары:кімді? Нені? Кімін? Несін? Мысалы, Мына кітапты дүкеннен алдым.
Жанама толықтауыш салт етістіктен болған сөйлем мүшелерін табыс септігінен басқа септіктерде (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) тұрып толықтырады және сөйлемнің кез келген жерінде тұрып байланыса береді. Мысалы, Жанат Жантасқа ұзақ әңгіме айтты.
Толықтауыш болатын сөз таптары:
Зат есімнен болады
Зат есім орнына қолданылған немесе заттық мағынаға ие болған есімдік, сан есім, сын есім, есімше, тұйық етістік, үстеу сөздерден болады.
Туралы, жөнінде, жайында деген шылаулардың бірімен тіркесіп келген сөздер етістіктен болған мүшенің алдында келсе, толықтауыш болады.
Толықтауыш та дара, күрделі және үйірлі болып келеді.
Анықтауыш[1] деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.[2]
Анықтауыштар қандай? Қай? Қайдағы? (недегі?) қашанғы? Ненің? Қанша? Неше? Қайткен? Не еткен? Деген сұраулардың біріне жауап береді.[3] Ол ирекпен белгіленеді.
Анықтауыш болатын сөз таптары:
Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
Зат есімнен болады:
Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
Сан есімнен болады:
Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
Есімдіктен болады:
Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
Етістіктің есімше түрінен болады:
Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады
Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.
Түрлері:
Қандай, қай, қайсы, қайдағы сұрақтарына жауап беріп тұратын анықтауыш сапалық, ал ілік септігінде тұрғаны иелік анықтауыш деп аталады. Бір ғана сөзден тұратын анықтауыш дара анықтауыш деп аталса, екі не оданда көп сөз тіркесімен келетін анықтауыш күрделі анықтауыш деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет