Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Қосалқы айқындауышты анықтап, мысалмен түсіндіріңіз



бет9/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

14. Қосалқы айқындауышты анықтап, мысалмен түсіндіріңіз
Қосалқы айқындауыш — зат есімдердің (көбінесе кісі аттарының) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.
Қосалқы және қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзімен мағыналық және интонациялық бір бүтін құрап тұрады. Қосалқы айқындауыштар айқындайтын сөзін әлеуметтік, туыстық, кәсіптік, жас мөлшерлік т.б. белгілері жағынан ерекше атап көрсетсе (Әсет ағай, Айжан қыз, Наурызбай батыр т.б.
15. Қосарлы айқындауышты анықтап, мысалмен түсіндіріңіз
Қосарлы айқындауыш- өзі қатысты сөзден кейін тұрып, оның мазмұнын дәлдеп тұратын сөз. Мысалы: инженер-технолог, батыр-ұшқыш, Отан-ана.
Қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзінің ерекше белгісін қосарлап айтып, онымен мәндес қатар құрап тұрады (батыр-ұшқыш, әйел-ана, қызметші-малай).
16. Оңашаланған айқындауышты анықтап, мысалмен түсіндіріңіз
Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.
Оңашаланған айқындауыштар, қосарлы айқындауыштар және қосалқы айқындауыштар болып бөлінеді.
Оңашаланған айқындауыш айқындайтын сөзінің соңынан келіп, оны ерекшелеп көрсетеді. Мысалы, Үйде, Абайдың қасында, бұл ауылдың адамдарынан бөтен түсті үш кісі отыр (М.Әуезов).
Оңашаланған айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтеріңкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нақтылап тұратын сөздер: Мәкіш өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (
17. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын тыныс белгілерін түсіндіріңіз
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.

  1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.

  2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.

  3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.

  4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парыз. Әр баланың міндеті – ата-анасын құрметтеу.

  5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.

6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Көрмес – түйені де көрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет