18. Сөйлемнің басты белгілерін анықтаңыз Сөйлем — біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі..Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас; Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз; Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті; Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз болып бөлінеді.
19. Сөйлемнің предикативтілігінің анықтамасын беріп, предикативтілікті білдіретін категорияларды түсіндіріңіз
20. Сөйлемнің модалділігіне анықтама беріп, түсіндіріңіз Модалділік ұғымы болымдылық пен болымсыздық, қажеттілік, мүмкіндік, күүмәнділік мағыналарын білдіріп қана қоймайтын, жалпы “сөйлеушінің көзқарасын” білдіретін категория ретінде танылады. Сөйлем мазмұнындағы хабардың ақиқат шындыққа қатынасы – бұл, ең алдымен, модалдік қатынас. Хабарды сөйлеуші бұрын болған немесе осы уақыттағы реалды нәрсе, біреуден талап етілетін қалау және неғайбыл хабар т.б. ретінде түсінуі мүмкін. Сөйленім модалділігі бүкіл сөйленім мазмұнының құрылымдық емес, семантикалық белгісі болып табылады.
Г.А.Золотова модалділікті 1) сөйлеуші көзқарасы тұрғысынан сөйленімнің ақиқат шындыққа, 2) сөйлеушінің сөйленім мазмұнына; 3) іс-әрекет субъектісінің қымыл-әрекетке қатынасын білдіретін категория ретінде сипаттайды
21. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі туралы баяндаңыз Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты казак тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А.Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. ¥лы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, эр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, кай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазак тіл білімінде шоқтыгы биік тұратын А.Байтұрсыновтын мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді (14,282). Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға Айқындауыш деген жалпы атау береді. “Қазак тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде: “Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар магынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар”,- дей отырып (31,211), тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толыктауыш, жалғаусыз аныктауыш деп екіге бөледі. Ал пысыктауышты ескермейді. Олардың бүлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: “Біз мағынасына қарай айкындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың эрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайык түрде сатылы топтастыру болып отыр” (31,205). Бұл жерде Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалык принципті басшылыққа алады.
Отызыншы жылдары С.Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен “Қазак тілі ғылыми синтаксисінің кыскаша курсы” деген еңбегі жарыкка шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жагына ғана емес, олардың калыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді аньщтауыш деп атайды. Бір ғана аныктауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысыктауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысыктауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы жэне одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынган мүшелермен жалгастыргандығын көруге болады ( 14 ,80).
Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне катысты С.Жиенбаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев сынды ғалымдарымыз 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мэселелерімен қатар, эдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш.Сарыбаев “Халық мұғалімі” журналында жарык көрген “пысыктауыш пен пысықтауыш мэселесіне” деген макаласында: “Біздің кейбір грамматикалык терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толыктауыш болып жүрген жэне талассыз пысыктауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толыктауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрган септік жалғауларының атымен барыстык мүше, шыгыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз”,- дейді. Ш.Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде біркатар галымдар Карсы шықкан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері колайсыз әрі шұбалаңқы жэне мағынаны нак, дәл бере алмайды.
М.Балақаев “Қазіргі казак тілінің” синтаксистік окулығында: “Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену аркылы сөйлем кұраудың материалы болады да, бастауыштык-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) катынаста жұмсалады”,- деп нақты көрсетеді ( .7).
Сондай-ак тұрлаусыз мүшелер жайлы профессор М.Томанов 1967 жылғы академиялық грамматикада жазды ( 62,95). Алайда олар өте ыкшам, кыска берілген. Р.Әмір “Жай сөйлем синтаксисі” еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін аныктауыш, толыктауыш, пысықтауыш деп саралап, әркайсысының сүрауларын, ережелерін, магыналык жэнОе кұрамдық түрлерін береді (10,36). Сөз етіп отырған тақырыпта М.Сергалиев Ш.Бектүровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз козғаса, О.Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бүл мәселе М.Серғалиев, А.Айғабылов,