Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Есімді баяндауышты анықтап, жасалу жолдарын түсіндіріңіз



бет15/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

34.Есімді баяндауышты анықтап, жасалу жолдарын түсіндіріңіз
Есім баяндауыш— есім сөздерден жасалған баяндауыш.
Есім баяндауыштың жасалу жолдары:
1)Зат есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалып, әр түрлі тұлғада қолданылады.
Көптік тұлғада: Осының барлығын ұйымдастыратын – студенттер.
Тәуелдік тұлғада – Бәріміздің тамашалайтынымыз – осы сәбидің сүйкімді қылығы.
Септік тұлғада – Біздің ауылымыз қаланың маңында.
2)Есімдіктердің барлық түрі баяндауыш қызметінде жұмсала алады. Мысалы: Оның кітапханадан алған кітабы әлденеше. Ауылды басқаратын осылар.
3)Үстеулер де баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Күн әлі ерте. Мұғалімнің сыныпқа кіргені жаңа еді. Жарыста ол менен әжептеуір кейін. Мұндай шешім қабылдау ертерек.
4)Еліктеуіш сөздер де баяндауыш қызметінде жұмсалып, есім баяндауыш жасайды. Мысалы: Айналаның бәрі салдыр – гүлдір.
5)Баяндауыштар сапалық есімдерден де жасалады. Сапалық есімдер \сын есім, сан есім\ әдетте бастауыштан кейін тұрып, зат есімдердің әр алуан сындық, сандық сапасын білдіріп, баяндауыштық қызметте жиі жұмсалады. Мысалы: Аспан ашық. Қар қалың. Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.
35.Анықтауыштарды анықтап, оның формасын, жасалуын, түрлерін түсіндіріңіз.
Анықтауыш[1] деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.[2]
Анықтауыштар қандай? Қай? Қайдағы? (недегі?) қашанғы? Ненің? Қанша? Неше? Қайткен? Не еткен? Деген сұраулардың біріне жауап береді.[3] Ол ирекпен белгіленеді.
Қандай, қай, қайсы, қайдағы сұрақтарына жауап беріп тұратын анықтауыш сапалық, ал ілік септігінде тұрғаны иелік анықтауыш деп аталады. Бір ғана сөзден тұратын анықтауыш дара анықтауыш деп аталса, екі не оданда көп сөз тіркесімен келетін анықтауыш күрделі анықтауыш деп аталады.
36.Баяндауыштық тұлға туралы айтып, мысалмен түсіндіріңіз
Баяндауыштық тұлға туралы Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев еңбектерінде сөз болады. Н.Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретіндегі сөздердің жіктік, тəуелдік жалғауымен -ныкі, -нікі қосымшаларымен, көптік жалғауымен келетіндігін атап көрсетсе, С.Аманжолов тек атау септігіндегі сөздер мен жіктік жалғаулы сөздерді ғана көрсетеді. Ал М.Балақаев баяндауыштарды екі топқа жатқызады:
Сөздердің түбір күйіндегі баяндауыш жəне сөздердің грамматикалық Тұлғалары арқылы жасалатын баяндауыштар . Сөйлемнің Тұрлаулы мүшелері жайлы арнайы оқу құралын жазған Т.Сайрамбаев Баяндауышты осы қызметте жұмсалып тұрған сөз табының тұлғасына
Қарай қарастырады да, жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштық тұлға, ол етістікке де, есім сөзге де қатысты болады, - дейді. Т.Сайрамбаев осы еңБегінде етістіктер баяндауыштық қызметте түбір күйінде де, түрлі жұрНақ, жалғаулармен жəне көмекші сөздердің қатысуымен де жұмсалады дей келе, етістіктердің түбір күйінде баяндауыш болуы көбіне екінші жақ Баяндауыштарға қатысты деген пікір айтады .
И.Е.Мамановтың «Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа Сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды» деген пікіріне сүйенсек, жоғарыдағы ғалымдар(М.Балақаев, Т.Сайрамбаев) айтқан етістік түбір күйінде баяндауыш бола Ма деген сұрақ туындайды.
Етістік баяндауыштың тұлғалары:

  1. Жіктік жалғаулы етістік баяндауыштар:

Мен үнсіз арқамдағы қапшығымды шештім де, ананың көрсеткен полкасына қойдым.Апаңды сағынып, бір күні түнделетіп тайып тұрмайсың ба? Түс ауа бригадир мені атқа мінгестіріп алды да, жұмыс жаққа қарай алып Жүрді.

  1. Нөлдік тұлғалы етістік баяндауыштар:

Мұңайып қайтесің, ойна, күл, міне дала, міне трактор, мін де жер Жырт. Ал, оталдыр да жүргіз! Тракторды оталдырдым да, үстіне Қарғып міндім. Анау əлгі орнында қозғалмастан тұр (Д.Исабеков).
Бірінші сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар бұйрық райдың екінші Жағының нөлдік тұлғасында тұрса, екінші сөйлемдегі бірыңғай баянауыштар өзгелік етіс формасындағы бұйрық райдың екінші жағында Нөлдік тұлғада, ал соңғы сөйлем баяндауышы ашық райлы етістіктің Осы шақтағы үшінші жағының нөлдік тұлғасында тұр. Бұл сөйлемдегі Етістік баяндауыштардың сыртқы тұлғасы түбірмен ұқсас, яғни жалғаусыз. Бірақ, бұл баяндауыштарда жіктік жалғаудың көрсеткіші жоқ болғанымен, қай жаққа арналып айтылып тұрғаны белгілі. Демек, етістіктер Түбір күйінде баяндауыш бола алмайды, бұйрықты сөйлем екінші жақта Айтылса, осы шақтағы үшінші жақта құралған сөйлемде етістік баяндаУыштар нөлдік тұлғада жұмсалады.
Есім баяндауыштардың тұлғалары:
-Жіктік жалғаулы есім баяндауыштар: Мына жігіт – Шауқар. Мен Шорақазымын. Қаракесек Рақымбердінің баласымыз. Сіз Ақан ағасыз Ғой? (Т.Əлімқұлов)
Бірінші сөйлемнің баяндауышы 3 жақтағы жіктік жалғаудың нөлдік Тұлғасында, екінші, үшінші сөйлемдердің баяндауышы жіктік жалғауының бірінші жағында, соңғы сөйлем баяндауышы жіктік жалғаудың екінШі жағында жасалған.
- Септік жалғаулы есім баяндауыштар: Ақан аға сол тойда сіз шырқаған «Көкжендет» əлі құлағымда. Сол жолы Нұртаза болыстың ит терісін басына қаптағаныңыз əлі есімде. – Шырағым, Шорақазы! Менің Үмітім алда, уанышым артта. Тəттімбет сол жылы отыз тоғызда еді, биыл қырықтың төртеуінде (Т.Əлімқұлов).Септік жалғауларының ішінде баяндауыш тұлғасын жасап предикаттылыққа ие болатыны – жатыс септігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет