Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар



бет13/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

29.Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Бірыңғай мүшелерді салыстыра байланыстыратын амалдар:
1. Интонация арқылы байланыс;
2. Жалғаулықтар арқылы байланыс.
Мысалы. Қанат, құйрық суылдап ысқырады, деген сөйлемдегі бірыңғай мүшелер өзара бірсыдырғы әуенмен, интонация арқылы, логикалық екпін түсе айтылады. Ал егер осында пен жалғаулығы арқылы байланысатын болса, онда бірыңғай мүшелер арасында дауыс кідірісі болмайды.
Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар салаластырушы жалғаулықтар делінеді. Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстыруда беретін мағынасына қарай мынадай үш топқа бөлінеді: ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты.
1. Ыңғайластық жалғаулықтар: және, мен, бен, пен, менен, тағы, да, де, та, те, әрі.
2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, бірақ та, сонда да, алайда. Оқушы зейінді, бірақ жалқау.
3. Талғаулықты жалғаулықтар: я, не, немесе, не болмаса, біресе, бірде, әлде: Ол не бүгін, не ертең келеді.
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің алдында не соңында жалпылауыш сөздер қолданылуы мүмкін.
30.Қиысудың анықтамасын беріп, оның түрлеріне тоқталыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрін қиысу дейміз.
Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақ жағынан байланыс. Ол – сөйлемнің негізі екі жақты байланыс арқылы көрінеді. Сөздердің жіктеліп барып қолданылуы қиысу болып табылады. Мысалы: Ашынған әйел мән – жайын айтады.
Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Олар бірінші космонавттар. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл — Шолақсай,
Бастауыш пен баяндауыштың бір-бірімен Байланысуын М. Балақаев, Т. Қордабаев, Т. Сайрамбаев «жақтық қиысу» және «сандық қиысу» деп бөледі. Профессор С. Аманжолов жақтық қиысу және көптік қосылып қиысу деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет